АҚҚАНАТ
24.10.2023 | Автор: Мусинова А.А.
Өмірбаяны
2 актілі, 3 көріністі балет.
Хореография және қойылымы - Дәурен Әбіров.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Аққанат - Фируза Ұлтанбаева; Асан - Абдуахим Асылмұратов.
Қатты құмды дауыл жерді өлі шөлге айналдырды. Туған халқын ажалдан аман алып қалғысы келген қыз Аққанат Күнге жүгінеді. Құдіретті жарық адамдарға жылулық пен қуаныш сыйлауға келіседі. Бірақ Аққанат оның сәулелерінің жалынынан ажал құшуы шарт. Оны өлімге қимаған халық өз қиялының күшімен қызды бейбітшіліктің, жақсылықтың, өмірдің символы - ақ құсқа айналдырады.
Библиография
- Сарынова Л.П. Легенда о белой птице. Балетное искусство Казахстана. – Научное издание. – Алма-Ата: «Наука» Казахской ССР, 1976 – 176 стр. – С.119-129, 152, 153.
- Садыкова А.А. Балетный театр Газизы Жубановой на примере балетов «Акканат» и «Хиросима». – Наука, новые технологии и инновации Кыргызстана, №11, 2018 год. – С. 134.