АҚБАРОВА Адалят Асқарқызы

30.10.2023  | Автор: Саитова Г.Ю.

Өмірбаяны

(15.06.1948 ж., Чилик ауылы, Алматы обл. - 8.02.2022 ж., Алматы қ.) - балет әртісі, педагог. ҚР еңбек сіңірген әртісі (1998 ж.); «Құрмет» орденінің иегері (2017 ж.).
1968 - Алматы мемлекеттік хореография училищесін бітірді.
1995-2000 - Т. Қ. Жүргенов ат. Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Режиссер-хореограф» мамандығы бойынша М.Ж. Тілеубаевтың шеберханасында бітірген.
1968-1998 - Республикалық ұйғыр музыкалық-драма театрының балет солисі, педагог-репетиторы, балетмейстері (1998-2000). Ол жеке концерттік бағдарламамен өнер көрсетті (1988). «Нава» фольклорлық ансамблінің бағдарламаларында «Арзу», «Дапуссули», «Шатлык» атты жеке концерттік нөмірлерді орындады. Оның шығармашылығы туралы «Адалят Акбарова билейді» (1999 ж.) фильм-концерті түсірілді. «Дос-Мұқасан» ансамблінің құрамында Ауғанстандағы концерттік бағдарламаларға қатысты (1983 ж.), Панфилов, Ұйғыр, Еңбекші қазақ аудандарының көркемөнерпаздар ұжымдарында тәжірибе бөлісу жұмыстарын жүргізді.
2000-2002 - Т. Қ. Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясында шығыс биінің педагогы;
2006-2021 - А.В. Селезнев ат. АХУ арнайы пәндер оқытушысы.
Марапаттары: «Ауғанстандағы соғыс ардагері» естелік медалі, Ұйғыр ауданының Құрметті азаматы (2000 ж.).

Библиография

  • Акбарова А. Танец –моя душа. / Биография. Воспоминания\. Фотоматериалы. – Алматы, 2018. – 146 с.
  • Саитова Г.Ю. Уйгурский танец: Истоки.Традиции. сценическое воплощение.2-е переизд. с допол. – Алматы: ИД «Мир», 2017. – 288 с.
  • Самсаков А. Уйгуры. Энциклопедический справочник. – Алматы: Издательство «Арыс», 2020. – 592 с.
  • Хореографы Казахстана (иллюстрированный информационный справочник) (1934-2012 гг.) / Под общ. редакцией Д.Т. Накипова. – Алматы, 2012. – 206 с

Медиа галерея

АҚБАРОВА Адалят Асқарқызы

АҚБАРОВА Адалят Асқарқызы