АҚ ПЕН ҚАРА
24.10.2023 | Автор: Ізім Т.О.
Өмірбаяны
Хореографиялық қойылым.
Либретто және идея, режиссер, музыкалық редактор - Нұрфат Вахитов. Қоюшы-балетмейстер - Роза Бельгибаева. Сценография - Асан Бораншы.
Премьерасы 2008 жылы өтті. «Наз» Мемлекеттік би театрының әртістеріне арналып қойылды.
Актерлер мен орындаушылар: Ақ - Алмас Шоман; Қара - Нұрфат Вахитов; Шәйтандар: Олақ - Ақон Рысқалиев; Бала - Алтынбек Ермұханов, Дамеш Әбілова; Періште - Мейрамгүл Айтмағанбетова.
Спектакль адамгершілік-тәрбиелік функцияларды атқарады. Өскелең ұрпақ өмірдің «ақ» және «қара» екенін түсінуі керек. Өмірде әр адам қателесіп, лайықсыз әрекет жасауы мүмкін.