АҚШАҚАР ЖӘНЕ ЖЕТІ ЕРГЕЖЕЙЛІ

24.10.2023  | Автор: Джумасеитова Г.Т.

Өмірбаяны

2 актілі балалар балеті.

Композитор - Тибор Кочак. Либретто - Дьюла Харангозо, ағайынды Гриммдердің әйгілі ертегісінің желісі бойынша. Хореография және қойылымы - Дьюла Харангозо; қоюшы-хореографтың көмекшісі - Бланка Фейт. Сценография - Кентавр; сценограф көмекшісі - Питер Халаш. Костюм бойынша суретші - Рита Велих. Жарықтандыру бойынша суретші - Михаил Епанчин. Қоюшы-дирижер - Арман Оразғалиев. Қоюшы-дирижердің көмекшісі - Руслан Баймурзин,

Премьерасы 2021 жылдың 19-20 қарашасында өтті. Қойылым «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрына арналған,.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Ақшақар - Аделина Тулепова, Мадина Басбаева, Бахытгуль Испанова; Өгей анасы - Әнел Рүстемова, Гауһар Усина; Ханзада - Далер Запаров, Данияр Жұматаев; Аңшы - Айбар Тоқтар, Олжас Тарланов; Мыстан - Ильдар Шакирзянов, Қуат Карибаев. Ергежейлілер: Тоңқылдақ - Қуат Карибаев, Бақытжан Талғатұлы; Күлегеш - Жансерік Ахметов, Нима Токов; Ұйқышыл - Ислам Тұрғанов, Жаннар Нарынбеков; Тапқыр - Олжас Маханбеталиев, Жанаділ Бейсембиев; Момын - Санжар Әубәкіров, Абзал Нұрмахан; Түшкіргіш - Евгений Рыбкин, Олжас Әнуарбек; Аңқылдақ - Сұлтанбек Ғұмар, Бейбарыс Ақарыс, Улан Бейсенбаев;Шәйтандар: Күлгін - Үміт Тоқтарбаева, Айтолқын Нұрахметова; Қызыл - Анель Есқалиева, Диана Есқалиева; Жасыл - Жұлдыз Жұмажанова, Әмина Мұстафаева.

Балет Венгрия мемлекеттік операсының репертуарынан көшірілді. Ол жерде бұл балет өте танымал. Бұл Эстония, Ресей, Финляндия, Австралия, Қытай сияқты елдерде Венгрияның ұлттық мәдениетін сәтті көрсететін біздің заманымыздың ең жиі орындалатын балеттерінің бірі.

Сұлу жетім ханшайым мен айнадан бірінші сұлу кім деп жиі сұрайтын зұлым өгей шеше туралы ертегі. Өсіп қалған Ақшақарға деген қызғаныш патшайымды қатыгездікке итермелейді. Ол қызметшісіне оны орманда өлтіруді бұйырады.Бірақ ханшайым ергежейлілердің үйіне тығылып, аман қалады. Бұл мейірімді және тағылымды ертегіні хореограф заманауи және гротеск биінің элементтері бар классикалық хореография арқылы аша білді.