АҒЫМБАЕВА Қадиша Ермекбайқызы
Өмірбаяны
(10.11.1968 ж., Ақсу кенті, Сайрам ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) - биші, балетмейстер. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2006 ж.), «Құрмет» орденінің иегері (2022ж.).
1987ж. - Алматы хореографиялық училищесін бітірген, педагогтары: Г.Н. Бейсенова, А.Т.Алишева, Т.П.Парпибаева;
1997ж. - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.
1987-1999жж. - Алматы облысының Сүйімбай ат.ындағы филармониясының Мемлекеттік «Алтынай» халық би ансамблінде биші. Ансамбль құрамында Түркия, Лаос, Вьетнам, Непал, Үндістан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қытай, Бельгия сияқты жақын және алыс шетелдерде ұлттық би мәдениетін дәріптеді.
1999 ж. - Елордада құрылған мемлекеттік филармония жанындағы «Наз» би ансамблінің ұйымдастырушысы, бас балетмейстері және көркемдік жетекшісі.
2007 жылы ансамбль Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры мәртебесін алды. Қ.Ағымбаева ұжымның өзіндік бірегей репертуарын қалыптастырды. Репертуарға халық рухына толы ұлттық эстетикалық негіздегі билер: «Шернияз», «Көңіл-Ашар», «Желдірме», «Серпін», «Елес», «Жастар биі», «Өрнек», «Ақ Баян», «Көшкеруен», «Жаппас», «Жеңіс биі» және «Тұйғындар», «Нұрғиса» спектакльдері енді.
Халықаралық хореографтар байқауының III сыйлық лауреаты (РФ, Новосибирск қ., 2003 ж.). Ағымбаеваның басшылығымен ұжым алыс және жақын шетелдерде Қазақстан мәдениеті күндерінде ұлттық би өнерін жоғары деңгейде көрсете алды. Түркия, Лаос, Вьетнам, Непал, Үндістан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қытай, Франция, Бельгия, Голландия, Корея елдерінде гастрольдік сапармен болды. Басшы ретінде ұжыммен Қазақстанның барлық қалалары мен өңірлерінде, шетелдерде (Түркия, Қытай, АОЭ, Катар, Франция, Бельгия, Нидерланды, Норвегия, Марокко, Египет, Ресей, Украина, Шешенстан, Башқұртстан) гастрольдік сапармен болды.
Марапаттары: «Қазақ хандығына 550 жыл» медалі (2015 ж.), «ҚР Конституциясына 20 жыл» медалі (2015 ж.), «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016 ж.), «Астана 20 жыл» медалі (2018 ж.), «Еңбек даңқы» төсбелгісі (2018 ж.).