АБДУЛИНА Назира Сәрсебайқызы
Өмірбаяны
АБДУЛИНА Назира Сәрсебайқызы (17.06.1952, Алматы қ.) - балет әртісі, педагог. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2009). «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2018).
1969 - АХУ педагог В. И. Бурцевтің сыныбында, 1997 - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін «Хореографиялық пәндер оқытушысы» мамандығы бойынша бітірді.
1969-1989 - Абай атындағы МАОБТ-ның балет әртісі. Балет қойылымдарында характерлік билердің жетекші орындаушысы. Репертуары: «Испан биі» («Аққу көлі»), Мерседес («Дон Кихот»); «Мазурка», «Краковяк» («Бахчисарай бұрқағы»).
1992-2017 - А.В. Селезнев ат. АХУ-де классикалық және халықтық-сахналық би педагогы.
2017-2023 - Қазақ ұлттық хореография академиясында классикалық және халықтық-сахналық бидің жетекші педагогы.
2018-2023 - Академияның оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі әдіскері.
Оның түлектерінің қатарында Абай ат. ҰОБТ-ның жетекші солистері бар. «Астана Опера», «Астана Балет» театрларында: Б. Адамжан, Р. Сейтбеков, С. Нақысбеков, Д. Запаров, Е. Хисамутдинов, А. Закан, М. Назарғожаев және т. б. белгілі балет артистері бар.
Марапаттары: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016).