АБДУЛЛИНА Карина Абрековна

19.07.2023  | Автор: Жұмасейітова Г.Т.

Өмірбаяны

65318df4a9365.jpeg(13.01.1976, Алматы қ.) - музыкант, әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013), Тұңғыш Президент сыйлығы Қорының лауреаты (2009), жыл сайынғы «Big Apple music 96» халықаралық танымал музыка байқауының жеңімпазы, Бүкілодақтық «Таңғы жұлдыз» телевизиялық байқауының Гран-при иегері (Мәскеу, 1993).

1982-1993 - К. Байсейітова атындағы республикалық музыкалық арнайы мектебінің оқушысы.

1993-1998 - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының «Фортепиано» сыныбы бойынша студенті.

1992-2016 - танымал «Мюзикола» дуэтінің солисті, 100-ден астам әннің авторы, 18 альбомы жазылған. «Арман қыз» поэтикалық жинағының авторы. «Мәдениет» арнасындағы «Кездейсоқ емес кездесулер» («Неслучайные встречи») авторлық бағдарламаларының, қазақстандық «Классика» радиосындағы «Диалог» бағдарламасының жүргізушісі. «Мұстафа Шоқай» тарихи фильміндегі басты рөлді сомдаушы (2008). «Астана Балет» театрындағы «Тағдыр бұлтарыстары» балетінің музыкасының авторы, хореограф М. Авахри (2021).

Сілтемелер