ӘБІЛҒАЗИНА Айнұр Бақытжанқызы

19.10.2023  | Автор: Шомаева Д.Е.

Өмірбаяны

(31.01.1986, Алматы қ.) – балет әртісі, хореограф, педагог. «Хореографиялық өнер», «Үздік солист» номинациялары бойынша «Ұмай» ұлттық өнер сыйлығының лауреаты (2022).

1995-2003 – А.В.Селезнев атындағы АХУ оқушысы, педагогы О. Д. Воеводина.

2003-2007 – Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Педагог-хореограф» мамандығы бойынша студенті; 2014 жылы Г.Туткибаеваның жетекшілігімен «Режиссер-хореограф» мамандығы бойынша өнертану магистрі дәрежесі берілді.

2014 – Academia di balle arti di Roma (Италия) режиссура бойынша біліктілікті арттыру курсын өтті.

2003-2016 – Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет әртісі, солисі, жетекші солисі. Репертуары: Кармен («Кармен-сюита»), Балерина («Қызыл Жизель»), Кити («Анна Каренина»), Зарема («Бахчисарай бұрқағы»), Мехмене-Бану («Махаббат туралы аңыз»), Зобейда («Шехеразада»), Мазурка («Шопениана»); Сильфида, Эффи («Сильфида»), Мирта («Жизель»), Елік («Ұлы дала аңыздары»), көше бишісі («Дон Кихот»), Гамзатти («Баядерка»), Каракус («Тлеп»), Ғашық жұптар («Antico стиліндегі сюита»).

2014 – Сергей Радченконың орыс ұлттық театрына (Мәскеу) солист ретінде шақырылды.

2008 – «Ballet home village» мектебіне шақырылған педагог (Точиги, Жапония).

2016 жылдан – «Астана балет» театрының жетекші солисі. Премьералық спектакльдердің орындаушысы: «Кармен-сюита» Кармен партиясында (хореограф. А. Алонсо); «Махаббат туралы аңыз» Мехмене Бану партиясында (хореограф. Ю. Григорович); «Серенада», «Оркестрмен фортепианоға арналған Капричио» (хореограф. Дж. Баланчин); «Жизель» Мирта партиясында; «Қиялға бойлау», «Diversity» (хореограф. Р. Амаранте); «Золушка» партиясында Долы (хореограф. Н. Калинина), «Қозы-Көрпеш және Баян-Сұлу» Баян партиясында (хореограф. Г. Ковтун); «Саломея» Саломея партиясында; «Кармен» көк киімді Кармен партиясында; «Сұлтан-Бейбарыс» Шаджар ад-Дурр партиясында (хореограф. М.Авахри); «Орфей және Эвридика» Евридика партиясында (хореограф. К. Полин) және т. б.

Репертуарында Р. Амарантенің «Love Fear Loss», «A Fuego Lento» бір актілі балеттері, бірқатар концерттік нөмірлер мен дивертисменттер бар.

Хореограф ретінде «Жалын-құс» («Жар-птица»), «2 сағат», «Менің ішімде» («Внутри меня»), «Балбал» миниатюраларын және «Інжу іздеушілер» («Искатели жемчуга») операсындағы хореографиялық көріністерді қойған (Абай ат. МАОБТ 2014). «Астана балет» театрында П. Чайковскийдің (2020) музыкасына «Триумф» хореографиялық дивертисментін, Г. Малердің (2023) музыкасына «Soli Deo Gloria» бір актілі балетін қойды.

Сілтемелер

Медиа галерея

ӘБІЛҒАЗИНА Айнұр Бақытжанқызы

ӘБІЛҒАЗИНА Айнұр Бақытжанқызы

ӘБІЛҒАЗИНА Айнұр Бақытжанқызы

ӘБІЛҒАЗИНА Айнұр Бақытжанқызы

ӘБІЛҒАЗИНА Айнұр Бақытжанқызы

ӘБІЛҒАЗИНА Айнұр Бақытжанқызы