АДАМ
Өмірбаяны
Бір актілі балет.
Композитор - Қуат Шілдебаев. Либретто - Дүйсенбек Нақыпов. Хореография және қойылымы - Вячеслав Гончаров. Қоюшы-суретшісі - Гүлнара Табанова. Костюм бойынша суретші - Толқын Есалиева.
Премьерасы 2007 жылы 16 маусымда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Күміс қыз Айель - Айдың қызы - Жанель Түкеева; Алтын бозбала Адам - Күн ұлы - Фархад Буриев; Патриарх - Дмитрий Сушков; Матриарх - Ольга Брындина. Спектакльде А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің жоғары курс студенттері қатысты.
«Балеттің негізінде ақын Д.Нақыповтың интерпретациясындағы Ян және Инь деген екі қағиданың қосынды призмасы арқылы адамзаттың жаратылу тарихы жатыр. Екі басты кейіпкер: Адам - Күннің ұлы және Күміс қыз - Айдың қызы, табиғаттың үні мен махаббат нұрына бағынып, жаңа өмірге жол ашады. Олардың сүйіспеншілігіне, жердегі жалғасына айналған Махаббат Адамын дүниеге әкеледі. Дегенмен, бұл оқиғаның алдында екі бастау бар - қараңғы Инь - Матриарх және жарық Ян - Патриарх. Дәл солар Хаостың күшіне қарсы Гармония рухы көтеріліп жатқанын түсініп, ғашықтарға наразылық туғызады. Адамның өлімі кісілердің сатқындығының төлемі деп біледі».