АДАМЖАН Бақтияр Бақытжанұлы

09.01.2024  | Автор: Джумасеитова Г.Т.

Өмірбаяны

(16.06.1992, Сарыөзек ауылы, Алматы облысы) - балеттің жетекші солисі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2018); Халықаралық байқаулардың лауреаты.

2011 - А. В. Селезнев атындағы АХУ-ды педагог А.Г. Бүркітбаевтың сыныбы бойынща бітірді.

2011-2013 - Абай атындағы МАОБТ балет әртісі.

2013 жылдан - солист, 2015 жылдан - «Астана Опера» МБҚ жетекші солисі. Репертуары: Спартак («Спартак»), Бенволио («Ромео мен Джульетта»); Сайқымазақ, Зигфрид («Аққу көлі»), Сырым («Қарагөз»), Щелкунчик-ханзада («Щелкунчик»), Нұралы («Бахчисарай бұрқағы»), Солор («Баядерка»), Квазимодо («Париж Құдай Анасының соборы»), Базиль («Дон Кихот»), Леско («Манон»); Ланкедем, Құл Әли («Корсар»); Уақыт («How long is Now?» «Сколько длится Сейчас?»), Алтын құл («Шехеразада»), Альберт («Жизель»), Бозбала («Бозбала және өлім», «Юноша и Смерть»), Франц («Коппелия»), Бетховен («Бетховен - Мәңгілік - Махаббат», («Бетховен - Бессмертие - Любовь»), Патрик («Алты би», «Шесть танцев»), Ханзада («Күлшеқыз», «Золушка») және т.б. «Астана Опера» театрында қойылған жетекші партиялардың көпшілігінің бірінші орындаушысы.

Халықаралық балет конкурстарының лауреаты: «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің І-сыйлығы (2012); «Сібір Гран-приі» ХБАБ II-сыйлығы (Красноярск, 2014); Стамбулдағы V-ХБАБ гран-приі (Түркия, 8 шілде 2016); Сеулдегі XIII-Халықаралық би байқауының І-сыйлығының лауреаты (Оңтүстік Корея, 10 Тамыз 2016); Астанадағы III-ХБАБ Гран-приі (16 Қыркүйек 2016); VKIBC ХБАБ-ның Гран-приі (Нью-Йорк, АҚШ, 2017); Мәскеудегі XIII-Халықаралық балет әртістері мен хореографтар байқауының І-сыйлығының лауреаты (Ресей, 2017); Dance Open Халықаралық балет сыйлығының лауреаты (номинация «Шебер Мырза», «Мистер Виртуозность» (2018). Ол Рим опера театрының, Неапольдегі «Сан Карло» театрының, Генуядағы театрдың, Новосибирск опера және балет театрының және т. б. спектакльдеріне қатысты.

Итальяндық қазіргі заманғы әйгілі биші Роберто Болленің жыл сайынғы Миландағы, Веронадағы, Римдегі, Каракалдағы, Неапольдегі Арчимбольди театрындағы гала-балет кештеріне, Испанияда Аликанте қаласындағы «STARS GALA» гала-балетіне Австралиядағы Ballet International Gala әлемдік шоуы, Мәскеудегі Кремль съезд сарайында А. Лиепа кештері және т.б. қатысады.

Марапаттары: «Сахнагер» ұлттық театр сыйлығының лауреаты (2017); «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2017); ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты (2010, 2011, 2019); ҚР Тұңғыш Президентінің Мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік стипендиясы; «Халық алғысы» медалі (2020).

Медиа галерея

АДАМЖАН Бақтияр Бақытжанұлы

АДАМЖАН Бақтияр Бақытжанұлы