АҒЫМБАЕВ Еркебұлан Мүлікұлы
Өмірбаяны
АҒЫМБАЕВ Еркебұлан Мүлікұлы (17.12.1966, Мақаншы ауылы, Үржар ауданы, Семей облысы) - ансамбль әртісі, хореограф.ҚР Мәдениет қайраткері (2003), «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2017), ТМД елдерінің «Құрмет және пайда» халықаралық сыйлығының лауреаты (2007).
1977-1985 - Алматы хореография училищесінің (АХУ) оқушысы, мамандығы «Халық би ансамблінің әртісі», педагогтары: И.К. Олзоева, Г.Н. Бейсенова, У.А. Мирсеидов, А.М. Джалилов, А.Н. Зарембо.
1991-1996 - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті. «Хореография» мамандығы, «Хореографиялық пәндер оқытушысы» біліктілігі бойынша білім алды.
1985-1999 - Сүйінбай атнындағы Алматы облыстық филармониясының «Алтынай» Мемлекеттік халық би ансамблі (МХБА) әртісі.
2000 - балет әртісі, 2001-2005 - Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік филармониясы «Наз» ансамблінің директоры.
2005-2006 - Астана қаласы мәдениет департаментіөнер бөлімінің бастығы.
2006-2007 - Астана қаласы Мемлекеттік филармониясы «Наз» ансамблінің көркемдік жетекшісі.
2007-2008 - Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры МКҚК директоры.
2008-2010 - Астана қаласы мәдениет басқармасының бастығы.
2010-2011- Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры МКҚК директорының м.а.
2011 - «Думан» РО» АҚ Басқарма төрағасы.
2011-2012- Астана қ. «Наз» мемлекеттік би театры МКҚК директордың м.а.,2012-2013- директоры.
2013-2019 - «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ басшысы.
2020 - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры МКҚК көркемдік жетекшісі; 2020 жылдан директоры.
Марапаттары: «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2021) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.