ҚАЙРАШЕВА Дарина Төреханқызы
Өмірбаяны
(23.07.1997, Ақтөбе қ.) – балет әртісі. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2021).
2006-2014 – А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқушысы, педагогтары: Л.В.Макарцева, Г.Ж.Алиева.
2016-2020 – «Педагог-хореограф» мамандығы бойынша Қазақ ұлттық хореография академиясының бакалавриат студенті.
2013 – «Астана Балет» театрының труппасына қабылданды. Қазір труппаның жетекші солисі. Репертуары: Маша («Щелкунчик»), Баян («Қозы-Көрпеш – Баян-Сұлу»), Ширин («Махаббат туралы аңыз»), «Желтораңғы туралы аңыз», «Серенада» (бірінші солист), Саломея («Salome»). Сондай-ақ репертуарда хореографиялық миниатюралар: «Ақ қыз», «Сувенирлер» – хореограф А.Тати; «Калифорния гүлі» («Калифорнийский мак») – хореограф А.Павлова; «Қыз Жібектің армандары», «Жанасу» – хореограф М.Авахри.
Марапаттары: «Сахнагер» ұлттық театр сыйлығының «Үміт» номинациясы бойынша лауреаты (Астана, 2017).