АЙДАҺАР МЕН ҚАРЛЫҒАШ

25.10.2023  | Автор: Мусинова А.А.

Өмірбаяны

4 көріністегі бір актілі балет.

Композитор - Балнұр Қыдырбек. Либретто, хореография және қойылымы - Зауырбек Райбаев. Қоюшы-суретші - Орынбасар Жаңбыршиев. Костюм бойынша суретші - Толқын Есалиева. Қоюшы-дирижер - Мұхтар Қалдаяқов.

Премьера 1996 жылы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Айдаһар - Максим Челноков; Қарлығаш - Евгения Вижунова; Маса - Лейла Альпиева; Бүркіт - Зәуре Үмбетқұлова.

Балетке драмалық негіз болған қазақ халқының «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісі. Ертеде Айдаһар даланың барлық тіршілік иесін аяусыз жалмап, жанды-жансыздың бәрін билеп төстеген. Зұлым Маса оның шабарманы қызметін атқарады. Бір күні Айдаһар ауырып қалып, Масаға бүкіл жер шарын айналып ұшып, бүкіл тіршілік иесінде кімнің қаны тәтті екенін білуді бұйырады. Маса адамның қаны ең тәтті екенін біліп, Айдаһарға хабарлауға асықты. Қарлығаш адамды қорғағысы келіп, ол жебедей ұшып өткір тұмсығымен Масаның шағатын біздей тұмсығының ұшын жұлып алады. Айдаһар Қарлығашқа ашуланып, аспанға секірді. Қарлығаш шетке шығып, өлімнен қашып кетті. Жауыз оның құйрығынан ғана ұстап үлгерді де, құйрықтың ортасынан бірнеше қауырсынды жұлып алып, жерге құлады да, тасқа соғылып, мерт болды.

Библиография

  • Жумасеитова Г.Т. Страницы казахского балета. – Астана: Елорда, 2001. – 144 с – С.44-46.
  • Программка к спектаклю «Дракон и Ласточка» в ГАТОБ имени Абая. – 1996 год.