ӘЛДІБЕКОВ Нұрлыбек Әшірбекұлы
Өмірбаяны
(18.07.1959 ж., Сарбастау ауылы, Нарынқол ауданы, Алматы облысы) - биші, қоғам қайраткері, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1990 ж.).
1977ж. - Алматы хореографиялық училищесін бітірген, педагогтары: Б.М.Жантаев, Г.Н. Бейсенова, М.З. Ахмедиева.
1977 жылдан ҚазКСР мемлекеттік ән-би ансамблінің жетекші солисі.
1989-1997жж - ҚазКСР Халық әртісі З.М.Райбаевтың жетекшілігімен құрылған Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблінің жетекші солисі және негізін қалаушы . Ш.Жиенқұлова атындағы қазақ би байқауында (1992 ж.) «Алдар көсе және бай», «Молдабай» билерін орындау нәтижелері бойынша үздік биші болып танылды. Оның репертуарында ұлттық алтын қорды құрайтын «Алтын бүркіт», «Балбырауын», «Аққудың айрылуы», «Шопандар» және т.б. хореографиялық қойылымдар болды.
Ансамбльмен КСРО республикалары: Ресей, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Молдова, Эстония және т.б. шетелдерде гастрольдік сапармен болды. Қазақстан өнер қайраткерлерінің делегациясымен Ауғанстандағы Кеңес Армиясының алдындағы концерттерге; шетелдердегі және одақтас республикалардағы Қазақстанның мәдениет күндеріне (1977-1997), Мәскеу қаласындағы жазғы Олимпиаданың ашылуына (1980 ж.) қатысты.
З. Райбаева атындағы қоғамдық қордың және хореографиялық өнер ардагерлері одағының төрағасы болып табылады
Марапаттары: ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамоталары; «Еңбек жетістігі үшін» медалі (1981 ж.).