ӘЛИЕВА Гүлнар Жұмабайқызы

16.10.2023  | Автор: Мусинова А.А.

Өмірбаяны

652d5d7d60c82.jpg05.06.1964 Ж., Ақтөбе қ.

Балет әртісі, педагог. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017 ж.), экономика ғылымдарының магистрі.

1974-1982 - Мәскеу академиялық хореографиялық училищесін бітірген педагогтары: Л.А. Коленченко, Р. С. Петерсон;

1998-2002 - Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА. «Хореография оқытушысы» мамандығы бойынша (үзддік диплом);

2019. - Қазақ технология және бизнес университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратурасын бітірді.

1982-1999 -Абай ат. МАОБТ-да жетекші балерина. А. Хачатурянның «Спартак» балетінде Фригия партиясы арқылы дебюті болды.

Репертуары: Маша («Щелкунчик»), Жизель, Мирта, pas-de-deux («Жизель»), одалисок триосы («Корсар»), Мария («Бахчисарай бұрқағы»), Китри, көше бишісі, дрядтың иесі, енгізілген вариация, қыздар («Дон-Кихот»), Сильфида, Эффи («Сильфида»), Лиза («Бекер сақтық», «Тщетная предосторожность»), 11-ші вальс, Мазурка («Шопениана»), Бойжеткен («Бойжеткен мен бұзақы», «Барышня и хулиган»), Алия («Алия»), солист («Кармина Бурана»), Эмилия («Павана мавра»), Мөржан («Қарагөз»), солист («Классикалық симфония»), Ақ Ханым, 4 құрбы, Панадерос («Раймонда»), Бакханка («Вальпургиев түні», «Вальпургиева ночь»), pas-de-trois, үлкен Аққулар, кішкентай Аққулар, қалыңдықтар («Аққу көлі»), 2-ші солист («Ішекті серенада», «Струнная серенада»), 3-жылқы («Фрескалар»), 4 құрбы («Мәңгілік алау»), 4-тік ( «Игра в карты»).

2000-2016 - классикалық би, халықтық-сахналық би бойынша педагог, сахналық практика бойынша педагог-репетитор, 2008-2016- А.В. Селезнев ат. АХУ-дың арнайы пәндер бөлімінің меңгерушісі.

2016 жылдан - Қазақ ұлттық хореография академиясында концерттік қызмет және сахналық практика бөлімінің басшысы, классикалық би оқытушысы. Оның оқушыларының арасында халықаралық байқаулардың лауреаттары, Абай ат. МАОБТ, «Астана Опера», «Астана Балет» тетрларының солистері бар: Әйгерім Бекетаева, Әсел Асқарова, Орынгүл Нұржанқызы, Мадина Кенжебекова, Дарина Қайрашева, Назерке Аймұхаметова, Қаламқас Орынбасарова, Диана Батырова, Дина Набиуллина, Олеся Пичугина.

2022 - «Sofia Ballet Academy» балет студиясының шақыруымен кіші, орта, жоғары сыныптарға (tachikawa, Tokyo, Жапония) классикалық би бойынша шеберлік сыныптарын өткізді. Бірнеше рет ММХА-да (Мәскеу, РФ), Еуропалық балет консерваториясында (Сент-Поэлтен, Австрия) А. Я. Ваганова ат. ОБА (Санкт-Петербург, РФ), Париж Ұлттық операсындағы балет мектебінде (Париж, Франция) классикалық және халықтық-сахналық биді оқыту әдістемесі бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

«Астана в ритме танца («Temps lie») кәсіби хореографиялық оқу орындарының І және ІІ халықаралық фестивалінің (2018 ж., 2021 ж.); V, VІ

Ш. Жиенқұлова ат. Республикалық қазақ биі байқауының (2019 ж., 2023ж.) ұйымдастыру комитетінің мүшесі.

Библиография

Ә.А. Мусинованың Гүлнар Әлиевамен сұхбаты және жеке хат алмасуы.

Фотосуреттер Татьяна Янсберг және Әлиева Гүлнар Жұмабайқызының жеке мұрағатынан.

Сілтемелер

Абиров Даурен. – Легенды и мифы Оперного. – Білім және Мәдениет

Хронометраж: 30.44; 6 июля 2015 г.

Медиа галерея

ӘЛИЕВА Гүлнар Жұмабайқызы

ӘЛИЕВА Гүлнар Жұмабайқызы

ӘЛИЕВА Гүлнар Жұмабайқызы

ӘЛИЕВА Гүлнар Жұмабайқызы

ӘЛИЕВА Гүлнар Жұмабайқызы

ӘЛИЕВА Гүлнар Жұмабайқызы

ӘЛИЕВА Гүлнар Жұмабайқызы

ӘЛИЕВА Гүлнар Жұмабайқызы

ӘЛИЕВА Гүлнар Жұмабайқызы

ӘЛИЕВА Гүлнар Жұмабайқызы

ӘЛИЕВА Гүлнар Жұмабайқызы

ӘЛИЕВА Гүлнар Жұмабайқызы

ӘЛИЕВА Гүлнар Жұмабайқызы

ӘЛИЕВА Гүлнар Жұмабайқызы