ӘЛПИЕВ Әлібек Төлеубекұлы
Өмірбаяны
(10.06.1981, Алматы қ.) – пианист, дыбыс режиссері, композитор.
1996 жылы Орталық музыка мектебінде (Мәскеу) оқыды, 19978- 1998 жылдары Ганновер жоғары музыка мектебінде (профессор В.Крайневтің сыныбы) кәсіби білімін жалғастырды;
2000-2004 – Чикаго орындаушылық өнер колледжінде оқу. Оқу кезінде ол Еуропа мен Америка қалаларында пианист ретінде концерт қойды;
2015 – audio Engine студиясының дыбыстық инженерлік сертификатын алды (Нью-Йорк, АҚШ);
2020 – Х. Шанғалиевпен бірлесіп «Астана Балет» театрында «Сұлтан Бейбарыс» (хореограф М. Авахри) балет спектаклінің композиторы;
Марапаттары: В. Крайневтің жасөспірім пианистер байқауының лауреаты (Харьков, Украина, 1992); «Шабыт» жас орындаушылар байқауының I- сыйлығының иегері (Астана); I- Халықаралық пианистер байқауының I- сыйлығының лауреаты (Алматы).