АННА ПАВЛОВА - ОРЫС БАЛЕТІНІҢ АҚҚУЫ

24.10.2023  | Автор: Саитова Г.Ю.

Өмірбаяны

Екі актілі балет-фантазия.

Композиторлар - Николай Черепнин, Петр Чайковский, Фредерик Шопен, Лео Делиб, Адольф Адан, Цезарь Пуни, Эдуар Дельдевез, Людвиг Минкус, Камиль Сен-Санс, Антон Рубинштейн, Фриц Крейслер. Орыс және батыс композиторларының музыкалық шығармаларына құрылған. Хореография және қойылымы -Болат Аюханов.

Премьера 2012 жылы өтті. Болат Аюхановтың басқаруындағы қойылым ҚР Мемлекеттік академиялық би театры үшін жасалды.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Анна Павлова - Юлия Моисеева; Михаил Фокин - Дияр Акенев; Вацлав Нижинский - Мади Касымов; Матильда Кшесинская - Айтолкын Тургинбаева; Тамара Карсавина - Айнур Мукашева; Агриппина Ваганова - Жанар Кушербаева; Мария Суровщикова-Петипа - Светлана Кокшинова (Анна Бурлова - 2 орындаушы); Энрико Чекетти - Сергей Тихонов; Виктор Дандре - Алимурат Салихов.

ЖАҢАРТЫЛҒАН қойылымның премьерасы 2018 жылы өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Анна Павлова - Гульнар Камалова; Михаил Фокин - Дияр Акенев; Вацлав Нижинский - Алажар Карабалаев; Матильда Кшесинская - Аружан Ораз; Тамара Карсавина - Айнур Мукашева; Агриппина Ваганова - Айым Садвакасова; Мария Суровщикова-Петипа - Наргиз Канатова; Энрико Чекетти - Жанат Картамысов; Виктор Дандре - Бекарыс Қизат.

Спектакль 1909 жылы Парижде С.П.Дягилевтің «Орыс маусымы» кезеңіндегі ұлы балериналар мен бишілер өнерінің таңдаулысын көрсетеді. Спектакльде ұлы орыс балеринасы билеген ең белгілі рөлдер көрсетіледі.