АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

30.10.2023  | Автор: Саитова Г.Ю.

Өмірбаяны

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна (06.04.1947 ж., Алматы қ.) - балет әртісі. Бүкілодақтық жаңа концерттік нөмірлер байқауының лауреаты (Мәскеу, 1967 ж.).

1958-1967 - Алматы мемлекеттік хореографиялық училищесін «Балет әртісі» мамандығы бойынша бітірген, педагогтары: А.В.Селезнев, А.К.Тулекова, А.Г.Ғабитова, Б.Г.Аюханов.

1967-1989 жылдары, Б.Аюхановтың жетекшілігімен құрылған «Алматының жас балеті» (ҚР МАБТ) ансамблінің солисі. Жиырма екі жыл бойы ол балеттерде, хореографиялық миниатюраларда және концерттік нөмірлерде басты партияларды орындады. Олардың арасында Б.Аюхановтың өзі үшін арнайы қойған хореографиялық шығармалары: С.Сейфуллиннің «Айтылмаған ән» («Неспетая песня») поэмасы негізінде «Айрылған Аққулар» миниатюрасы («Разлученные лебеди», Атаеваның музыкасына (1967 ж.). Бұл үш бөлімнен тұратын Адажио болды.

Б.Аюханов бұл қойылымында өзіне жұп ретінді шәкіртін таңдады. Онымен бірге Мәскеудегі Бүкілодақтық жаңа концерттік нөмірлер байқауында осы қойылымды ұсынды. Мұнда Т.Анюшенко конкурс лауреаты атағына ие болды. Ұзақ уақыт бойы «Айтылмаған ән» («Неспетая песня») ансамбль концерттерінің шымылдығын ашты. 10 жыл бойы Т.Анюшенко Б.Аюхановтың жұбы ретінде бірге биледі.

Б.Аюхановтың қойылымдарындағы негізгі репертуар: Офелия («Гамлет»), Қалыңдық («Қазақ кәдесыйлары», «Казахские сувениры»), Өлім шақырушы («Кармен-сюита»), Бойжеткен («Блюз стиліндегі Рапсодия», «Рапсодия в стиле блюз»); П.Чайковскийдің «Бірінші фортепианалық концерті», Бланш («Ойыншы», «Игрок» балетмейстер Б.Мягков), Фригия мен Спартак адажиосы («Спартак»), Я.Сибелиустың музыкасына «Көңілсіз вальс» («Грустный вальс»), И.Бах пен Ш.Гуно, музыкасына «Аве Мария». К.Сен-Санстың музыкасына «Аққу» («Лебедь»), А.Дворака музыкасына «Әуен» («Мелодия»), Ф.Листтің музыкасына «Махаббат қиялдары» («Грезы любви»), Е.Хельстед музыкасына «Гүлдер фестивалі» («Фестиваль цветов»), Г.Берлиоз музыкасына «Фантастикалық симфония» («Фантастическая симфония»).

Библиография

  • Аюханов Б. Мой балет. – Алма-Ата: Өнер, 1988 – 104 с.
  • Интервью с Т.Анюшенко. – 14 августа 2021 г.

Медиа галерея

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна

АНЮШЕНКО Татьяна Сергеевна