АПАЛЫ СІҢЛІЛІ ГАББАСОВАЛАР КОМПАНИЯСЫ
Өмірбаяны
«Gabbasov Sisters Company» ұжымын 2007 жылы апалы-сіңлілі Гүлнар мен Гүлмира Ғаббасовалар құрған. Оның құрамына Ғаббасовалардың би театры мен балалар мен ересектерге арналған хореографиялық студия кіреді. Апалы-сіңлілі Ғаббасовалар «Gabbasov Sisters Company» ұжымы үшін авторлық қойлымдар жасалды: «Тазару» («Чистильщицы», (2007), «Махаббат қиялы немесе ...» («Иллюзия любви или…», 2008), «Сөзсіз» («Без слов», 2009), «Үш түс» («Три цвета», 2010), «Періштелер» «Ангелы», 2010), «Бақыт тамшысы» («Капля счастья», 2010), «Экзикус» (2011, «Самрұқ» би театрындағы қойылымдар), «Қара» («Смотри», 2011), «Ешқашан болмаған көлеңкелер» («Тени, которой никогда не было», 2011), «Біздің қаланың тұрғындары» («Люди нашего города», 2011), «Ерлік Бақа» («Маленький волшебник Ерлик Бака», 2012), «Нарқыз» (2012), «Үш түс» («Три цвета», 2013), «Сезім» («Чувства», 2013), «Подиум» (2014), «Романстың тууы» («Рождение романса», 2014), «Алпамыс-батыр» (2015).
Сондай-ақ, «Gabbasov Sisters Company» репертуарында шақырылған хореографтар қойған спектакльдер бар: Александр Гурвич қойған «Линии», Әйгерім Сүлейменова қойған «Об одном и том же разными словами», Олег Пак қойған «В кубе».
«Gabbasov Sisters Companyде» әр жылдары шақырылған әртістер: А. Абакаева, О. Пак, Б. Ахмеджанов, Э. Данияров, Ж. Иманкулов, Е. Ягин, А. Касымов, А. Досмухамбетова, А. Серохвостов, В. Ашанин, С. Беляева, Е. Васильев, Ю. Жигулева, Н. Олещенко, Е. Старостина, Д. Габбасовалар билеген болатын.
«Gabbasov Sisters Company» жыл сайын педагогтер мен хореографтарға арналған «жазғы мектеп» - заманауи хореография бойынша семинарлар (авторлық курс) өткізеді. Александр Гурвич пен Андрей Серохвостов әр түрлі уақытта келіп, бірқатар шеберлік сабақтарын өткізді.
Библиография
- Қазақстан хореографиясының Алтын Бесігі: Училище тарихы. / Бас редактор Қалиева А.Ж. -Алматы:«Литера», 2016 ж. – 618 б.(қазақша орысша)
- Интервью с Г.Н. Габбасовой 29.09.2021