ҚАР ХАНШАЙЫМЫ
Өмірбаяны
Екі актілі балет.
Композитор - Радик Салимов. Либретто, хореография және қойылымы - Георгий Ковтун. Сценография және костюмдер - Злата Цирценс. Жарық суретшісі - Алексей Марков. Бейнетаспа - Марат Сағадинов
Премьерасы 2022 жылдың 4 желтоқсанында өтті. «Астана Балет» театрының труппасына арналған.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Ертегіші - Уэсли Карвальо; Қар Ханшайымы - Риза Қанатқызы; Герда - Назерка Аймұхаметова; Кішкентай Герда - Айдана Темірқұл; Кай - Сүндет Сұлтанов; Кішкентай Кай - Арлан Елдосұлы; Әже - Әлия Айтпаева; Ханшайым - Наталья Фернандес-Менес; Ханзада - Айдан Қалжан; Қарға Клара - Жайна Баян; Қарға Карл - Байхадам Тұңғатаров; Би шебері - Серік Аманжол; Кішкентай қарақшы - Алтынай Жүсіпова; Атаманша - Эльдар Сәрсембаев; Ақшақар - Артур Эдсон.
Дат жазушысы Ганс Кристиан Андерсеннің аттас ғажайып ертегісі негізіндегі ғаламат спектакль. Бала кезден таныс Қар Ханшайымы мен ержүрек Герда. Мұндағы жақсылықтың зұлымдықты жеңетіні туралы оқиға қазіргі хореография лексикасында баяндалады. Бұл шынайы махаббат пен достық, адалдық пен жылы жүректің суық мұзды ерітіп, зұлымдық сиқырын бұза алатыны туралы әңгіме.