АСҚАРБЕКОВА Алма Бахитқызы
Өмірбаяны
16.05.1962 ж., Качиры ауылы, Павлодар облысы.
Балет әртісі, педагог-репетитор. Мәдениет қайраткері (2000 ж.), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003 ж.).
1972-1980 - Алматы хореография училищесін бітірген педагогтар К.М. Жақыпова, Ж. Т. Тастанова, А. Г. Ғабитова, С. И. Көшербаева;
1994-1998 - Т. Қ. Жүргенов ат. Қаз. мемлекеттік театр және кино институты., «Педагог-хореограф» біліктілігі бойынша білім алды.
1980-1990 - балет әртісі, 1991-2004 - Абай ат. МАОБТ-ың жетекші солисі. Мирта («Жизель») партиясында солист ретінде дебюті өтті. Зарема («Бахчисарай бұрқағы») екінші ірі партиясы болды.
Репертуары: Одетта-Одилия, pas de trois («Аққу көлі»), Аврора, сирень перісі («Ұйқыдағы ару»), Гүлнара, Медора («Корсар»), Зарема («Бахчисарай бұрқағы»), Эффи («Сильфида»), дрядтың иесі, көше бишісі («Дон-Кихот»), Мазурка («Шопениана»), Қалыңдық (Т. Мыңбаев «Фрескалар»), Ақ Ханым («Раймонда»), Эгина («Спартак»), Мөржан («Қарагөз»), Бүркіт (А. Серкебаев «Ақсақ-құлан»), 1-ші солист (М. Равель «Болеро», З. Райбаевтың хореографиясы), 1,2,3-ші солист (П. Чайковский «Ішекті серенада», «Струнная серенада»), Эмилия (Г. Перселл «Павана мавра»), солист (С. Прокофьев «Классикалық симфония», М. Тілеубаевтың хореографиясы), Қарлығаш (Морозов «Доктор Айболит», М. Тілеубаевтың хореографиясы), Чага (А. Бородин «Қыпшақ билері», З. Райбаевтың хореографиясы), Маша, испан биі («Щелкунчик»), испан биі (Д. Верди «Камелиямен ханым», «Дама с камелиями», М. Тілеубаевтың хореографиясы), Қалыңдық, ана (С. Еркімбеков «Мәңгілік алау», М.Тілеубаевтың хореографиясы, Вакханка («Вальпургиев түні», «Вальпуригиева ночь»), жеке жұптық би (Верди «Аида», М. Тілеубаева), Адажио (Е. Брусиловский «Қыз-Жібек»), «Қарлығаш» биіндегі жеке би (А. Жұбанов, Л. Хамиди «Абай» операсы). Театрда ҚазКСР Халық әртісі Р. Х. Байсейітованың басшылығымен жұмыс істеді.
2005 жылдан бастап, Абай ат. МАОБТ-тың педагог-репетиторы. Театрдың жетекші әртістерінің тәлімгері: Әлия Сапугова, Динара Құдабаева, Камила Омарова, Азамат Жанқабаев, Гүлбаршын Қасаболат, Дина Әуелбек, Назия Пилтан, Милана Рахымбекова.
Библиография
- Жуйкова, Людмила. «Любовь есть познание…» Премьера балета Газизы Жубановой «Карагоз» на сцене ГАТОБ им. Абая». Qazaq Ballet Magazine, дата публикации 3 октября 2021, www.qazaqballet.kz/main_articles/ljubov-est-poznanie-premera-baleta-gazizy-zhubanovoj-karagoz-na-scene-gatob-im-abaja/. Дата доступа (23.06.2022).
- Ә.А.Мусинованың Алма Асқарбековамен сұхбат және хат алмасу.
- Алма Асқарбекованың жеке мұрағатынан алынған суреттер.
Сілтемелер
Аскарбекова Алма Бахитовна. КНАТОБ им. Абая. Адрес URL: https://www.gatob.kz/o-teatre/nash-kollective/baletnaya-truppa/pedagogi-repetitory/alma-askarbekova/ (дата обращения: 26 сентября 2021.