АСҚАРОВА Әсел Алмасқызы

22.10.2023  | Автор: Мусинова Ә.А.

Өмірбаяны

27.03.1992 ж., Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы.

Балет әртісі. Халықаралық байқаулардың лауреаты.

2002-2010 - А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде оқыды, педагог Г.Ж.Алиеваның сыныбы бойынша бітірген. Білім алған жылдары ҚазКСР Халық әртісі Сара Кушербаева атындағы стипендия иегері.

2011-2015 - Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы бакалавриатын «Хореография педагогикасы» мамандығы бойынша бітірген. Оқу жылдары - ҚР Тұңғыш Президенті Қорының стипендиясының иегері.

2010 жылдан - Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының балет әртісі, солист, 2017 жылдың қараша айынан бастап жетекші балерина. «Анна Каренина» балетінде Кити партиясында дебюті өтті.

Репертуары: Медора («Корсар»), Аврора («Ұйқыдағы ару»), Ширин («Махаббат туралы аңыз»), сұлтанның қызы («Ұлы Дала туралы аңыз»), Сванильда (бірінші орындау, «Коппелия»), Джульетта («Ромео мен Джульетта»), құрбысы (бірінші орындау, «Ромео мен Джульетта»), Одетта - Одилия, pas-de-trois («Аққу көлі»), Pas d 'action (алғашқы қойылым, «Баядерка»), Мария (2017 жылы спектакль қайта басталған кезде алғашқы қойылым, «Бақшасарай бұрқағы»), Паненки («Бақшасарай бұрқағы»), Жизель, Қыздар, 2 виллис («Жизель»), Клара, шопандар, 4-тік «Розовый вальс» («Щелкунчик»), дриадалардың иесі, қосымша вариация, Grand pas («Дон-Кихот»), Богородица («Юнона» және Авось»), Ғашық жұптар (алғашқы қойылым, «Кармина Бурана»).

Марапаттары: «Валентина Козлованың III Халықаралық балет әртістері байқауының» лауреаты (3-ші сыйлық, Нью-Йорк, АҚШ, 2013 ж.), Стамбулдағы V Халықаралық балет әртістері байқауының лауреаты (1-ші сыйлық, Түркия, 2013 ж.). ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері (2018 ж.).

Библиография

  • Мусинова Ә.А. Асқарова Әсель Алмасқызымен хат алмасу және жеке сұхбат. 13.02.2023 ж.
  • Елена Петрованың, Максим Кравецтің фотосуреттерін және жеке мұрағаттағы фотосуреттерді Әсел Асқарова жариялауға ұсынды.

Медиа галерея

АСҚАРОВА Әсел Алмасқызы