АСЫЛҒАЗИНОВ Ерболат Бекенұлы

22.10.2023  | Автор: Мусинова Ә.А.

Өмірбаяны

15.03.1961 ж., Семей қ.

Балет әртісі, педагог, қоюшы-хореограф. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1992 ж.).

1971-1979 - А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде оқыды, педагогтары: Андосов Қ.Н., Накипов Д.Т., Джалилов А.М., Гомза А.Е.

1981-1982 - А.Я.Ваганова атындағы Ленинград академиялық хореографиялық училищесінің жетілдіру сыныбында білім алды, педагогтары: Шатилов К.В., Серебренников Н.Н. Хамзин А.С., Генслер И.Г., Гербек Р.И.,

1997-2001 - Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академисында жоғары білім алды. «Хореография педагогикасы» мамандығында «Педагог-хореограф» біліктілігі бойынша бакалавр академиялық дәрежесі берілді.

1979-1980 - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет әртісі.

1980-1981 - Литва академиялық опера және балет театры, Вильнюс қ. (Қазіргі Литва ұлттық опера және балет театры). Балет солисі.

1982-1993 - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші балет солисі. Солист ретінде Спартак партиясында дебют жасады (1983). Балетмейстер З.Райбаев әртістің жалынды темпераментін ескере отырып, партияны биші үшін жеке пысықтады. Репертуары: Спартак («Спартак»), Зигфрид («Аққу көлі»), Альберт («Жизель»), Базиль («Дон-Кихот»), Вацлав («Бахчисарай бұрқағы»), Ханзада («Щелкунчик»), Джеймс («Сильфида»), Ер адам («Ер адам және Әйел», З.Райбаевтың хореографиясы), Ишпак (1988 жылы қайта сахналанғаннан кейінгі алғашқы қойылым, «Фрескалар», З.Райбаевтың хореографиясы), Ұл (бірінші орындауы, «Мәңгілік алау», М.Тілеубаевтың хореографиясы), Альфред («Камелиямен ханым», М.Тілеубаевтың хореографиясы), 1-ші солист (алғашқы қойылым, «Классикалық симфония», М.Тілеубаевтың хореографиясы), Штраус («Санкт-Петербургпен қоштасу», М.Тілеубаевтың хореографиясы), Сырым (бірінші орындауы, «Қарагөз», Алексидзенің хореографиясы), Абдрахман («Раймонда» З.Райбаевтың хореографиясы), Бозбала («Шопениана»), Бозбала («Пахита»), Бозбала («ХХ ғасыр рок-балеті»), Ақымақ («Юнона» және «Авось»). Концерттік нөмірлер: Адажио «Антоний және Клеопатра» Г. Туткибаевамен дуэт, халықаралық байқаулардың лауреаты Светлана Воскресенскаяның қойылымында. Е.Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» балетінен Адажио, Л.Минкустың «Дон-Кихот» және А.Аданның «Корсар» балетінен pas-de-deux. Көптеген спектакльдерде Г.Туткибаевамен бірге биледі. Сондай-ақ Р. Байсейітова, З.Қастеева, М.Қадырова, Л. Ли, Г.Әлиева, М.Тукеевалармен және т. б. бишілермен биледі.

1993-1996 - Moscow City Ballet ұжымында балет солисі. Репертуарда классикалық партиялар мен ұжымның концерттік нөмірлері бар.

1996-1997 - «Еураз-шоу» заманауи ән және би театрының ашылуына балет солисі және педагог-репетитор ретінде қатысты.

1982-2006 - А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде ерлер биін орындау техникасы бойынша оқушылардың педагог-кеңесшісі (театрдағы жұмысымен қатар). 2006-2007 - А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде педагог-тәрбиеші.

2008-2011 - Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының «Шалқыма» халық би ансамблінің педагог-репетиторы.

2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - «Тамыр» қоғамдық қорының арт-директоры.

2011-2013 - Шығыс Қазақстан облыстық балет мектебінің педагог-хореографы.

2013-2016 - ballet Music Company шақыруымен Сингапурда хореограф-педагог болып жұмыс істеді, Royal Academy of Dance жүйесі бойынша сабақтар өткізді.

2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - «Antree» балет мектебінің директоры және көркемдік жетекшісі.

2021 жылдан бастап, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы сахналық қозғалыс және пластика кафедрасының педагог-хореографы лауазымында жұмыс істейді.

Режиссер және қоюшы-хореограф ретінде: «Ақжол», Алматы (1999 ж.) мектеп түлектерінің фестивалінде екінші режиссер; «Мыңжылдық-2000», Алматы (2000 ж.) жобасының режиссері; Ж.Хаджиевпен бірге Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының музыкалық драма кафедрасының түлектеріне арналған Л.Бернштейннің «Вестсай тарихы» («Вестсайская история») мюзиклінің педагог-режиссері Алматы (2005 ж.); Халықаралық балет әртістері фестивалінің режиссері және педагог-репетиторы, Бішкек, Қырғызстан (2006 ж., 2008 ж.).

Марапаттары: «Спартак» балетінде бас партияны орындағаны үшін «Жігер» республикалық фестивалінің лауреаты (1983 ж.); Малика Сабирова атындағы Халықаралық балет әртістері байқауының дипломанты (1989 ж.); Абай ат. МАОБТ жетекші балеринасы Сәуле Әшімовамен дуэтте әріптестігі үшін Сергей Дягилев атындағы I тәуелсіз халықаралық байқаудың (1992 ж.). арнайы сыйлығы.

Библиография

  • Мусинова Ә.А. Ерболат Бекенұлы Асылғалиновпен сұхбат.
  • Асылғалинов Ерболат Бекенұлының жеке ісі Абай атындағы ҚазҰТОБ мұрағатынан.
  • Суреттер Ерболат Асылғазиновтың жеке мұрағатынан.

Сілтемелер

Медиа галерея

АСЫЛҒАЗИНОВ Ерболат Бекенұлы

АСЫЛҒАЗИНОВ Ерболат Бекенұлы

АСЫЛҒАЗИНОВ Ерболат Бекенұлы

АСЫЛҒАЗИНОВ Ерболат Бекенұлы

АСЫЛҒАЗИНОВ Ерболат Бекенұлы

АСЫЛҒАЗИНОВ Ерболат Бекенұлы

АСЫЛҒАЗИНОВ Ерболат Бекенұлы

АСЫЛҒАЗИНОВ Ерболат Бекенұлы

АСЫЛҒАЗИНОВ Ерболат Бекенұлы

АСЫЛҒАЗИНОВ Ерболат Бекенұлы

АСЫЛҒАЗИНОВ Ерболат Бекенұлы

АСЫЛҒАЗИНОВ Ерболат Бекенұлы

АСЫЛҒАЗИНОВ Ерболат Бекенұлы

АСЫЛҒАЗИНОВ Ерболат Бекенұлы

АСЫЛҒАЗИНОВ Ерболат Бекенұлы

АСЫЛҒАЗИНОВ Ерболат Бекенұлы

АСЫЛҒАЗИНОВ Ерболат Бекенұлы

АСЫЛҒАЗИНОВ Ерболат Бекенұлы