ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫ, БИ БӨЛІМШЕСІ
Өмірбаяны
Шығармашылық ұжым 1968 жылы 9 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен құрылған КСРО МҚК шекара әскерлерінің әскери-әкімшілік жедел бірлестігінен (шекара округі) бастау алған Қызыл Ту Шығыс шекара округінің ән-би ансамблі негізінде құрылған. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 1992 жылғы 18 тамызда құрылған.
Ансамбльдің негізгі міндеттері - шекарадағы әскерилердің патриоттық рухын көтеру, патриоттық сезімді ояту, сондай-ақ ел тарихына құрметпен қарау. Ансамбль көп жылдық тарихында танымал талантты орындаушылар мен мәдениет қайраткерлерін тәрбиеледі.
Көп жылдар бойы ұжымды басқарған бірінші бастық Қазақ КСР Мәдениет қайраткері подполковник Михаил Клещин, ал көркемдік жетекші Михаил Колыхалов болды. Кейінгі жылдары шығармашылық ұжымды ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері полковник Василий Шупейкин, майор Владимир Крамаренко, подполковниктер Виталий Зиновьев, Омарбек Абдуманапов, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі Сергей Рыжов, Чайковский атындағы Мәскеу әскери консерваториясының түлегі Қуаныш Әнуарбек басқарды.
Ансамбль тарихында ҚазКСР әртістері Әлкен Казакбаев, Виктор Ткаченко жарқын із қалдырды; Михаил Ларин, Юрий Чернышов; Нина Пичугина, Нина Пожарникова, Ольга Плешкова, Карлыгаш Акылбекова, Амина Чернышова, Людмила Сорока, Гүлмира Дон, Виктория Дудникова, Талант Клышбаев, Еркебұлан Ағымбаев, Нұрлан Жұмалиев, Маргарита Жұмалиева, Алма Қобжасаровалар ансамбль ардагерлері. Балет тобын 1982-1999 жылдары Жомарт Кенжебаев басқарды, 2009-2015 жылдары жетекші және балетмейстер Нұрлан Жұмалиев болды.
Ансамбль үш рет Бүкілодақтық шекаралық ансамбльдер байқауының дипломанты атанып, екі рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің және Қырғыз КСР-інің құрмет грамоталарына ие болды. Ансамбль Ауғанстан Демократиялық Республикасында интернационалдық борышын атқарып жүрген жауынгерлер алдында бірнеше рет өнер көрсету үшін соғыс жүріп жатқан нүктелерге жауынгерлік бөлімшелерге аттанды.
Қазіргі уақытта ансамбль Астана қаласында орналасқан. Ансамбль ұжымы мемлекеттік ауқымдағы іс-шараларға белсене қатысуда. Би тобының жетекшісі - Тұрғымбаев Дамир, репетитор Жананбаева Шолпан.