ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ ПРЕЗИДЕНТТІК ОРКЕСТРІНІҢ БИ АНСАМБЛІ
Өмірбаяны
ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі 1992 жылы хаттамалық, дипломатиялық, мемлекеттік және өзге де салтанатты іс-шаралардың музыкалық бөлігін қамтамасыз ету үшін құрылды. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Президенттік оркестрінің би ансамблі 1997 жылы құрылып, кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің би ансамблі болып қайта құрылды.
Президент оркестрі би ансамблінің бірінші басшысы Н.К. Крупская атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік мәдениет институтының түлегі Ботагөз Сарина болды. Кейінгі жылдары И. Моисеев атындағы Мәскеу студиясының түлегі Талант Шоруков; М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің түлегі, өнертану ғылымдарының магистрі, майор Наталья Фокиналар басқарды. Ансамбльдің қалыптасу кезеңінде қойылымға белгілі хореографтар шақырылды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Тәти («Сылқылдақ» биі), Эжер Омин, Тазабике Салиева. Ансамбльдің орындаушылары - Мәдина Әлиева-Шорукова, Анастасия Воеводина да қоюшы балетмейстер ретінде жиі өнер көрсетті.
Би ансамблі Президенттік оркестрдің ажырамас бөлігі бола отырып, мемлекеттік деңгейдегі концерттік іс-шараларды, мерекелік концерттерді, әлемнің түрлі елдері басшыларының ресми қабылдаулары мен сапарларын органикалық түрде толықтырды. Ансамбль репертуарында ұлттық би өнерін ұқыпты сақтау мен дамытуға, қазақ биінің хореографиялық мұрасына үлкен мән берілді. Репертуарда қазақ билері мен стильденген хореография басым болды, сондай-ақ басқа халықтардың билері мен заманауи джаз композициялары болды. Би ансамблі әлемнің көптеген елдеріне гастрольдік сапармен барды: Ұлыбритания, Бахрейн, Ресей Федерациясы, Испания, Германия, Грекия, Қытай, Франция және т.б.
Президенттік оркестр құрамындағы би ансамблі Мәскеудегі «Спасск мұнарасы» халықаралық әскери-музыкалық фестивальдеріне (2009 жылдан 2019 жылға дейін), Хабаровск қаласындағы «Амур толқындарына» бірнеше рет қатысып, Гран-примен марапатталды, сондай-ақ Берлин (2017-2020), және Бременде (2019-2020) қалаларындағы «Berlin Tatoo» халықаралық әскери-музыкалық фестивальдеріне қатысты.
Би ансамблінің басында Ш.Жиенқұлова атындағы Республикалық қазақ би байқауының лауреаттары мен солистері А.Қаратаева, Қ.Рыспеков, А.Топаева, Ш.Сапарғалиқызы, Ш.Құпамов, А.Досқаранова, Н.Фокина Кейінгі жылдары ансамбльдің дамуына С. Артықова, А. Воеводина, А. Әлібекова, Ж. Қасенова, Ж. Мұқашева, А. Сокольская, С. Рахымбердиева, А. Ахметқали, А. Қалиақпарова, А. Мұқанова, М Назаров, Д. Жиенбаева және басқалар үлес қосып келеді.
2021 жылы ұйымдастыру-штаттық іс-шараларға байланысты Президенттік оркестрдің би ансамблі таратылды.