БӘЙТЕРЕК

24.10.2023  | Автор: Джумасеитова Г.Т.

Өмірбаяны

Бір актілі, 5 көріністі балет.

Композитор - Әділ Бестібаев. Сюжеттің идеясы мен либреттосы - Мұхтар Құл-Мұхаммед. Хореография және қойылымы - Давид Авдыш. Қоюшы-суретші - Вячеслав Окунев. Костюм суретшісі - Петр Окунев, Ольга Шаишмелашвили. Графика суретшісі - Виктория Злотникова. Жарық суретші - Евгений Ганзбург. Дирижер - Айдар Әбжаханов.

Премьерасы 2010 жылы 17 желтоқсанда К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры сахнасында өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Мүсінші - Тайыр Гатауов; Құс-қыз - Мадина Басбаева; Бригадир қыз - Анель Рүстемова; Тәлімгер - Рүстем Сейітбеков.

Балет сюжеті бейнелі пластикалық хореография арқылы жаңа астананың салыну тарихына негізделген. Оқиғада шығармашылық сәтсіздіктерді жеңу, шабыт іздеп түрлі елдерге саяхаттау арқылы туған жерінде шынайы мақсат пен бақыт тапқан жас мүсіншінің хикаясы берілген. Балеттегі актерлердің арасында құрылысшылар, эскизді қабылдайтын сыншылар, қаланы зерттеуге келген жастар бар.