БАЙЖУМАНОВА Ботагөз Жансейітқызы
Өмірбаяны
БАЙЖУМАНОВА Ботагөз Жансейітқызы (09.02.1952 ж., Леңгір қ., Оңтүстік Қазақстан облысы) - биші, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1980 ж.).
А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін бітірген (1973 ж.), педагогтары: Ш.Б.Жиенқұлова, М.З.Ахмедиева, А.Г.Ғабитова, Ж.Т.Тастанова). Оқуын аяқтағаннан кейін ҚазКСР еңбек сіңірген ән-би ансамблінде солист ретінде жұмыс істеді. 1991 жылға дейін әртүрлі елдердің халықаралық фестивальдеріне қатысты, «Айжан қыз», «Киіз басу» атты танымал билер арқылы қазақ халық биінің әсемдігі мен бірегей пластикасын шебер көрсете алды. Б.Байжұманова Еуропаның, Азияның, Американың, Африканың, Жапонияның, Кореяның, араб елдерінің, Эквадордың т.б. әлемнің 19 еліне гастрольдік сапармен барып, ансамбль құрамында үкіметтік концерттерге, одақтық және республикалық іс-шараларға қатысты.
Еңбек өтілі бойынша зейнеткерлікке шыққаннан кейін (1991ж.) Т. Жүргенов атындағы театр және кино өнер институтына қызметке шақырылып, педагог-балетмейстер ретінде 2002 жылға дейін жұмыс істеді.
2002-2010 жылдары Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрында жұмыс істеді (Павлодар қ.). Кейін Павлодар мемлекеттік университетінде аға оқытушы ретінде қызмет атқарады.