БАСБАЕВА (УНЕРБАЕВА) Мадина Қуандыққызы
Өмірбаяны
(15.01.1985, Алматы қ.) - балеттің жетекші солисі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011); «Құрмет» орденінің иегері (2018), мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегері (2012, 2016); ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының лауреаты (2017);
2003 - А. В. Селезнев атындағы АХУ-сін, Н. Л. Гончарованың сыныбында бітірді.
2016 - Шымкент мемелекеттік педагогикалық университетінің (ШМПУ) «Халықтық көркем мәдениет» бағыты бойынша бакалавриат бітірген.
2003-2013 - К. Байсейітов атындағы ҰОБТ жетекші солисі. Театр сахнасында балет репертуарының барлығын дерлік биледі. Келесі партиялардың бірінші орындаушысы: Жизель («Жизель»), жетінші вальс («Шопениана»), Китри («Дон Кихот»), Сванильда («Коппелия»), Гамзатти («Баядерка»), Сильфида («Сильфида»), Медора («Корсар»), Мария («Бахчисарай бұрқағы»), Лиза («Бекер сақтық», «Тщетная предосторожность»), Маша («Щелкунчик»), Эсмеральда («Эсмеральда»), Муза («Бәйтерек»), Ақ үміт («Мәңгілік алау»).
2013 жылдан - «Астана Опера» МОБТ балетінің жетекші солисі. Репертуары: Мария («Бахчисарай бұрқағы»), Одетта-Одиллия («Аққу көлі»), Мари («Щелкунчик»), Никия («Баядерка»), Китри («Дон Кихот»), Аврора («Ұйқыдағы ару»), Джульетта («Ромео мен Джульетта»), Фригия («Спартак»), Эсмеральда («Париж құдай анасының соборы»), Манон («Манон»), Гүлнара («Корсар»), Жастық «How long is Now?», Жетінші вальс («Шопениана»), Ақшақар («Ақшақар және жеті гном»), Золушка («Золушка»).
2014 - Бордо Ұлттық опера театрының (Франция) қонақ солисі, оның сахнасында хореограф Чарльз Жюдтың «Ромео мен Джульетта» балетінде Джульетта партиясын және «Дон Кихот» балетін биледі.
Марапаттары: Балет әртістерінің Халықаралық байқауларының лауреаты: «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің I сыйлығы (Астана, 2006, 2009); «Бәйтерек» ХБАБ III сыйлығы (Астана, 2006); «Рим сыйлығы» ХБАБ II сыйлығы (Италия, 2007); «Бәйтерек» ХБАБ Гран-приі (Астана, 2009); «Үздік балет әртісі» номинациясы бойынша Ұлттық «Сахнагер-2018» театр сыйлығының лауреаты.