БАСИН Леонид Александрович

08.01.2024  | Автор: Рахымбердиева С.

Өмірбаяны

(07.03.1973) - сценограф, бейнетаспа суретшісі, бейнемэппинг маманы. Музыкалық театрлардың қойылымдарында сұранысқа ие суретші: «Кішкентай Ханзада» («Маленький принц», 2014), Мемлекеттік академиялық Үлкен театрдағы «Фаустты айыптау» («Осуждение Фауста», 2016), К. С. Станиславский және В. И. Немирович-Данченко ат. музыкалық академиялық музыкалық театрдағы «Энуфа» (2018) және басқалар.

Театрларда қоюшы-суретші: ММТ«Ленком», ММТ «Балет Москва», ММТ «Киноспектакль», ММТ «Драматургия және режиссура орталығы»; классикалық және қазіргі заманғы спектакльдердің 25-тен астам қойылымдарына, оның ішінде «Аққу көлі», «Жизель» көркем-қойылым бөлімінің меңгерушісі ретінде қатысты. «Щелкунчик», «Ұйқыдағы ару», «Кавалерия демалысы»(«Привал кавалерии»), «Қасиетті көктем» («Весна священная»), «Арлезианка», «Жарғанат» («Летучая мышь»), «Пахита» және т. б.

Қазақстанға алғаш рет 2014 жылы «Астана балет» театрына режиссер-хореограф Н. Дмитириевскиймен бірге Арманд Амараның музыкасына қойылған «Әлем» спектаклінің сценографы және бейнографы ретінде шақырылды. 2020 жылы «Сұлтан Бейбарыс» балетін жасауға қатысты (М. Авахридің хореографиясы, Х. Шанғалиев пен А. Әлпиевтің музыкасы).

Медиа галерея

БАСИН Леонид Александрович

БАСИН Леонид Александрович