БАЙСЕЙІТОВА Раушан Хатиятқызы

24.10.2023  | Автор: Мусинова Ә.А.

Өмірбаяны

16.09.1947 ж. Алматы.

Балет әртісі, педагог-репетитор. ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1973 ж.), ҚазКСР Халық әртісі (1978 ж.), С.Еркімбековтің «Мәңгілік алау» балетінде Ана партиясын орындағыны үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986 ж.).

1954-1957 - Алматы қаласының №10 орта мектебінің оқушысы.

1957-1958 - А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінде білім алды.

1958-1966 - КСРО Үлкен театры жанындағы Мәскеу академиялық хореографиялық училищесінде «Балет әртісі» мамандығына оқыды. Педагогтары Е.Н.Жемчужина, С.М.Мессерер, Е.Г.Фарманянц. Хореографиялық училищедегі жеке дебюті - «Көбелектер» концерттік нөмірінде Зарема Қастеевамен дуэт орындады.

1999-2002 - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін «Хореографиялық пәндер оқытушысы» мамандығы бойынша бітірді.

1966-1987 - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жетекші балерина. Ғ.Жұбанованың «Хиросима» балетінде Юки қыз партиясында дебют жасады. Репертуары: Китри («Дон Кихот»), Одетта-Одилия («Аққу көлі»), Жизель («Жизель»), Аврора («Ұйқыдағы ару»), Джульетта («Ромео мен Джульетта»), Маша («Щелкунчик»), Гамзатти («Баядерка»), Пимпинелла («Пульчинелла»), Суджи («Айдаһардың жалыны»), Бойжеткен («Пахита»), Франческа («Франческа да Римини»), Жас ханым («Жас ханым және бұзақы»), И.Стравинский Жалын-құс («Жар-Птица»), Баршагүл (бірінші орындалуы, «Ақсақ құлан»), Әлия («Әлия»), Ана (бірінші орындалуы, «Мәңгілік алау»), Виолетта (бірінші орындалуы, «Камелия ұстаған ханым»), Мадам Баттерфляй («Мадам Баттерфляй»), Эгина («Спартак»), Кончитта («Юнона» және «Авось»), Сильфида («Сильфида»), Мария («Бахчисарай бұрқағы»), Дездемона (бірінші орындау, «Павана мавра»), 1-ші солист (бірінші орындау, «Серенада»), Бакханка «Вальпургия түні» («Вальпургиева ночь»), Поповна («Орыс ертегісі») және басқалар.

Концерттік бағдарлама: «Дон Кихот», «Жизель» балеттерінен раѕ-de-deux. З. Райбаевтың хореографиясында: Е.Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» балетінен адажио, «Балбырауын», «Қосалқа» концерттік нөмірлері. Б.Аюхановтың хореографиясында: «Балбырауын», «Домбырамен би», «Аққу» концерттік нөмірлері.

1986 жылдан бастап Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында репетиторлық қызметпен айналысады: 1986-1987, 1990-1997, 2007-2012. - педагог-репетитор, 1987-1990 жж. - балетмейстердің көмекшісі, 1990-1997, 2007-2012 - педагог-репетитор, 1992-1996, 2007-2012 - балет труппасының меңгерушісі, 2013 ж. - қазіргі уақытқа дейін - педагог-репетитор. Оқушылар арасында, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері А.Асқарбекова, Қ. Сарқытбаева, С. Рахмедова, РФ және ТР еңбек сіңірген әртісі, «Астана Балет» театрының көркемдік жетекшісі Н. Қанетов; Л. Ақылбекова (Мәскеу), the Royal Ballet School педагогы Ж. Атымтаев (Ұлыбритания), М. Эйхвальд (Германия), халықаралық конкурстардың лауреаттары А. Жұмағұлова, А. Шайкенова және т. б. бар. 1999-2023 - Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА Хореография педагогикасы кафедрасының оқытушы, доценті (2007), профессоры (2010).

Марапаттары: Молдова КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасы (1967 ж.); Мәскеудегі Бүкілодақтық балет әртістері байқауының лауреаты (1969 ж.); «В. И. Лениннің 100 жылдығына арналған Ерен еңбегі үшін» медалі (1970 ж.); «Халықтар Достығы» орденінің иегері (1981 ж.), ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасы (1984 ж.); Президенттік стипендия лауреаты (2003 ж.); «Құрмет» орденінің иегері (2004 ж.). «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011 ж.); ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы (2018 ж., 2022 ж.), ҚР мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия иегері (2023 ж.).

Библиография

  • Раушан Хатиятқызы Байсейітованың Абай атындағы ҚазҰТОБ кадр бөлімінің мұрағатынан жеке ісі.
  • Қуанышбаев А.Байсейітова Раушан Хатиятқызы. Қазақ КСР. Қысқаша энциклопедиясы. 4-том – Алматы: Қазақ кеңес энциклопедиялары – 1989. Б.139-140.
  • Тукеева Ж.М. 6М040900 «Хореография» (ғылыми-педагогикалық бағыт) мамандығы бойынша «Ұлттық хореографиядағы дәстүрлер сабақтастығы контекстіндегі Раушан Байсейітованың шығармашылық қызметі концепциясы» атты магистрлік диссертация. – Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰАИ – 2020 – 106 бет.
  • Мусинова Ә.А. Байсейітова Раушан Хатиятқызымен 2011 жылы және 2 сәуір 2023 ж әңгімелесу.
  • Суреттерді Раушан Байсейітованың жеке мұрағатынан ұсынды.

Медиа галерея

БАЙСЕЙІТОВА Раушан Хатиятқызы

БАЙСЕЙІТОВА Раушан Хатиятқызы

БАЙСЕЙІТОВА Раушан Хатиятқызы

БАЙСЕЙІТОВА Раушан Хатиятқызы

БАЙСЕЙІТОВА Раушан Хатиятқызы

БАЙСЕЙІТОВА Раушан Хатиятқызы

БАЙСЕЙІТОВА Раушан Хатиятқызы

БАЙСЕЙІТОВА Раушан Хатиятқызы

БАЙСЕЙІТОВА Раушан Хатиятқызы

БАЙСЕЙІТОВА Раушан Хатиятқызы

БАЙСЕЙІТОВА Раушан Хатиятқызы

БАЙСЕЙІТОВА Раушан Хатиятқызы

БАЙСЕЙІТОВА Раушан Хатиятқызы

БАЙСЕЙІТОВА Раушан Хатиятқызы