БЕТХОВЕН - МӘҢГІЛІК - МАХАББАТ

24.10.2023  | Автор: Джумасеитова Г.Т.

Өмірбаяны

2 актілі, 7 көріністі балет.

Композитор - Людвиг ван Бетховеннің хордың қатысуымен атақты №9 симфониясы және басқа да шығармалары; Иоганн-Себастьян Бах, Джозеф Гайдн, Вольфганг Амадей Моцарт; Дирк Хаубрихтің заманауи композициялары мен аранжировкалары. Либретто,хореография және қойылымы - Раймондо Ребек. Сценограф және жарықтандыру концепциясының авторы - Йоко Сеяма; жарықтандыру бойынша суретшінің көмекшісі - Валерио Тибери. Костюм бойынша суретші - Роса Ана Чанза; костюм бойынша суретшінің көмекшісі - Арасель Досмұратова. Проекция суретшісі - Серхио Металли. Қоюшы-дирижер - Абзал Мухитдин.

Премьерасы 2020 жылдың 14-15 ақпанында «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры сахнасында өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Бетховен - Бақтияр Адамжан, Далер Запаров; Махаббат - Әйгерім Бекетаева, Марико Китамура; Эвтерпа - Гаухар Усина, Әсел Шайкенова; Ауру - Олжас Маханбеталиев, Серік Нақыспеков.

Людвиг ван Бетховеннің 250 жылдығына орай қойылған балет көрнекті тұлғаның драмалық өмір жолы тақырыбына арналған ауқымды спектакль болып табылады. Балетмейстер ойдан шығарылған символдық бейнелерді енгізу арқылы композитордың өміріндегі ең маңызды оқиғаларды арқау еткен балеттің драмалық негізін жасады.

Сілтемелер