БЕЙСЕНОВА Гайникамал Нығметжанқызы
Өмірбаяны
01.01.1948, № 2 ауыл, Голышманов ауданы, Тюмень облысы, РСФСР.
Педагог, хореограф. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері (2022).
1967-1970 - Алматы хореографиялық училищесінің оқушысы, «Ансамбль әртісі» біліктілігі, педагогтары: Ш.Б. Жиенқұлова, Р.Т. Тәжиева, М.З. Ахмедиева.
1994-1997 - Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік кино және театр өнері институтінің студенті. «Педагог-хореограф» мамандығы бойынша ҚазКСР-нің Халқы артисі, профессор Д.Т. Әбіровтен оқыды.
1970 жылдан қазақ биінің педагогы. А. В. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесі (АХУ) репертуарына енген 50-ден астам қазақ биінің қоюшы-авторы. Қазақстанның шығармашылық ұжымдары: «Киіз басу» (халық күйі «Келіншек», 1987), «Қыз қуу» (Е.Брусиловскийдің «Алтынай», 1992), «Ауыл өрнектері» (Арынғазы, 1996), «Айтыс» (халық муз, 1996), «Кербез» (М.Құсайынов, 2000), «Қыз қуу» (халық күйі «Қаражорға», 2000), «Аққу аруы» (Н.Тілендиев, 2001), «Көктем» (Н.Тілендиев, 2001), «Томирис» (Қазанғап, 2001), «Аққулар» (Сүгір, 2003), «Құстар» (Н.Тілендиев, 2005), «Сылқылдақ» (Тәттімбет, 2007), «Шебер келін» («Бөкен жарғақ», «Кербез қыз», 2008), «Бір бала» (А.Еңсепов, 2008), «Бойжеткен» (М.Бердіғұлов, 2008), «Кең жайлау» халық күйлері (А.Еңсепов, 2010), «Биші қыз» (Сүгір, 2010), «Көркем» (Тәттімбет, «Көкей кесті», 2010), «Киіз» (халықтың «Кеңес күй» 2011), «Қыз табиғаты» (2012), «Ұршык би» (А. Құдайбергенов, 2014), «Ерке шеберлер» (2016), «Адай» (Құрманғазы, 2019), «Аққу» (Ыкылас, 2020), «Жастар би» (Б.Иса «Жігер» 2021) және т.б.
Әр кездерде Г. Н. Бейсенованың би қойылымдары халықаралық, республикалық хореографиялық байқаулар мен фестивальдердің (Франция, Испания, Португалия, Швейцария, Лихтенштейн, Түркия, Жапония, Корея, Греция, АҚШ, ОАР, Ресей, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан) бағдарламаларында көрсетілді.
Бірінші «Хореографиялық училищелерге, мәдениет училищелеріне, өнер мектептеріне, жоғары оқу орындарының хореография факультеттеріне арналған Қазақ биі жөніндегі бағдарламаның» авторы (Алматы қ., 1993), оқу бағдарламасына «Мұра» бөлімінің енуіне бастамашы болды, ХХ ғ. Қазақстанның жетекші хореографтарының үздік туындыларын сақтаушы. А. В. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінде Ш.Жиенқұлованы еске алуға арналған I- Республикалық қазақ би байқауының авторы және бастамашысы (Алматы, 1992). Халықаралық, республикалық хореографиялық өнер конкурстарының қазылар алқасының беделді мүшесі, облыстық, республикалық семинар-практикумдардың, хореографтардың біліктілігін арттыру курстарының шебері. Ол жүздеген талантты орындаушыларды, хореографтарды шығарды, олардың арасында еңбек сіңірген әртістер, еңбек сіңірген қайраткерлер, сахна шеберлері, балетмейстерлер, ғалымдар, педагогтар бар.
Беделді республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары атанған К. Н. Бейсенованың шәкірттері: А.Атымтаева - Ш. Жиенқұлова атындағы І- Республикалық қазақ би байқауының II сыйлығы (Алматы, 1992); А.Ақылбекова - Ш. Жиенқұлова атындағы ІІ- Республикалық қазақ би байқауының I сыйлығы. (Орал, 2001); Д.Дарабаева, Ф. Жұмахун - ТМД елдерінің II- жастар Дельфий ойындарының күміс медалі (Кишинев, Молдова, 2004); А. Нұрсейітова - Гран-При, V Халықаралық «Би Олимпі» байқауының алтын медалі (Берлин, Германия, 2008), халықаралық Рождестволық фестиваль - «Жұлдыздар жарқырауы» байқауының Гран-Приі (Санкт - Петербург, Ресей, 2009); А.Әлібекова - VII Халықаралық «Ашық Ресей» фестиваль-байқауының Гран-Приі (Сочи, РФ, 2008), «Би Олимпі» VI- Халықаралық байқауының күміс медалі (Берлин, Германия, 2009); С.Жұмағұлова - «Би Олимпі» VII- халықаралық байқауының қола медалі (Берлин, Германия, 2010), «Арабеск» X- Халықаралық би байқауының I-сыйлығы (Юрмала, Латвия, 2010); Ш. Садырова - «Би Олимпі» Х- халықаралық байқауының қола медалі (Берлин, Германия, 2012); Б. Дүйсенбаева - «Арабеск» халықаралық би байқауының II- сыйлығы (Юрмала, Латвия, 2010); Х.Махмутова - «Мәскеу шоқжұлдызы» халықаралық фестиваль-байқауының Гран-Приі (Мәскеу, Ресей, 2012), Халықаралық конкурстардың Гран-Приі (Париж, Барселона, 2012); С.Үсенова - «Аққу 2016» хореографиялық оқу орындарының II- Халықаралық конкурсының I және II сыйлығы (Бішкек, Қырғызстан,); А. В. Селезнев атындағы АХУ ансамблі. - абсолютті лауреат, «Арнайы сыйлық», I-дәрежелі диплом, «Қазақстан раушандары 2018» халықаралық фестиваль-конкурсының Гран-При иегері (Алматы); А. Серікқазина - Paints of the Spanish Sun Халықаралық фестиваль-конкурсының I-сыйлығы (Барселона, Испания, 2021), I-Халықаралық онлайн фестиваль-конкурсының I-сыйлығы Portugal Art Carnival (Лиссабон, Португалия, 2021) және т. б.
Марапаттары: «Еңбек ардагері», «Үздік жұмысы үшін» белгілерінің иегері (КСРО Мәдениет министрлігі, 1992), ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2007), Мәдениет үздігі (2018); Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған медаль (2011), «Мәдениет пен өнердегі сіңірген еңбегі үшін» медалі (Ресей Федерациясы, 2018).