БОНИНО Луиджи
Өмірбаяны
(04.10.1949, Бра қ., Италия) - биші, педагог, хореограф. Туриндегі Балет мектебінде Сюзанна Эгриде оқыды.
1973 - кәсіби қызметін Кульберг-балет труппасында бастады, «Адам мен Хауа», «Ромео мен Джульетта» спектакльдерінде басты партияларды орындағаннан кейін театр премьері болды.
1975 - Р. Пети Марсель ұлттық балетінің труппасына «Коппелия» балетіндегі Коппелиус рөліне шақырылды. Ол «Бозбала және өлім» («Юноша и Смерть»), «Париж Құдай Анасының соборы» («Собор Парижской Богоматери»), «Опера елесі» («Призрак оперы»), «Шарло бізбен билейді» («Шарло танцует с нами») және т. б. балеттерде басты партияларды биледі. Осы және басқа балеттерде әр жылдары онымен бірге өз заманының көрнекті орындаушылары биледі: М. Фонтейн, Р. Нуреев, Н. Макарова, А. Ферри, З. Жанмер және басқалар.
Р. Петидің шақыруымен ол бірнеше балеттердің қойылымдарында оның көмекшісі болды: «Жұмақ пен тозақ» («Рай и Ад», 1984), «Менің Павловам» («Моя Павлова», 1986) «Көк періште» («Голубой Ангел», 1988) және т.б. өмір бойы көрнекті хореограф оған бүкіл әлемдегі әртүрлі компаниялар үшін балеттерін жаңартуды сеніп тапсырды.
«Астана Опера» театрында Бонино қойылымында екі балет бар: «Париж Құдай Анасының соборы» (2016) және «Коппелия» (2019). Премьерадағы «Коппелия» балетінде ол Ролан Пети өзі үшін жасаған және оған берген Коппелиус партиясын орындады.