БУРИБАЕВА Ғалия Исмаилқызы
Өмірбаяны
(17.01.1950, Жамбыл қ.) - балет әртісі, педагог, қоюшы-балетмейстер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009).
1970 - Алматы мемлекеттік хореографиялық училищесін бітірген, педагог А.Г. Ғабитова.
1975 - Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтының хореография факультетін бітірді. 2004 - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сценография факультетін «қоюшы-суретші» мамандығы бойынша бітірген.
2007 - «La Scala» театрында педагог-балетмейстер ретінде тағылымдамадан өтті
1970 - 1992 - Абай атындағы МАОБТ балет әртісі, кордебалет бишісінен солистке дейінгі жолдан өтті.
1976-1978 - М. Ю. Лермонтов атындағы орыс драма театрында сахна қозғалысының оқытушысы.
1998-2002 - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында балетмейстер.
2002-2013 - К. Байсейітова.атындағы ҰОБТ-ның балетмейстері және труппа меңгерушісі.
2005-2006 - Музыкалық комедия театрының бас балетмейстері (Қарағанды).
2010-2013 - Рим ұлттық би академиясында классикалық бидің шақырылған педагогы.
2013-2023 - «Астана Опера» МАОТ-да балетмейстер, педагог-репетитор. Қазақстанның жаңа астанасында классикалық балеттің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Педагог-репетитор ретінде Қазақстан мен әлемнің балет театрларының жетекші солистері атанған 30-дан астам дипломанттар мен түрлі конкурстар мен фестивальдердің лауреаттарын тәрбиеледі: Г. Құрманғожаева, М. Басбаева, А. Бекетаева, Б. Жамбурчинова, Ж. Әубәкіров, Т. Гатауов және т. б.
Төмендегі балет қойылымдарын жүзеге асырды: А.Аданның «Жизель» (Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры, 2005); П. Чайковскийдің «Аққу көлі» («Астана Опера», 2014); Т. Нұрқалиевпен бірге Л. Минкустың «Баядерка» (ҰОБТ, 2006); А. Бородиннің «Половцлар биі» (Ю. Григоровичтің балет театры, Краснодар, 2009); Б. Асафьевтің «Бахчисарай бұрқағы» (МАОТ, 2015).
Т.Нұрқалиевпен бірлесіп, операларға қойған хореографиялары: А. Жұбановтың «Абай», Л. Хамиди (МАОТ, 2015); М. Төлебаевтың «Birjan ve Sara» (Samsun devlet opera ve balesi, Стамбул, 2014); Е. Рахмадиевтің «Алпамыс» (МАОТ, 2021). К. Байсейітова атындағы ҰОБТ-дағы концерттік нөмірлердің тізімдері: К. Күмісбековтың «Биші қайың» («Bishi kaiyn» (2003), Н. Тілендиевтің «Менің жастық шағымның самалы» (2005), Ф. Шопеннің «Аққу» (2008), Э. Хегертидің «Бір оқиға» («Одна история», 2008); Д. Лигетидің «Көңіл-күйдің қорқынышы» («Страх настроения», 2009), Н. Тілендиевтің «Аққу» (2009); «Астана Опера» МОТ: П.Чайковскийдің «Орыс биі» (2014), Л. Хамиди мен А. Жұбановтың «Қарлығаш» (2015); Г. Форенің «Павана» (2023).
Марапаттары: Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына арналған TURKSOY медалі (2013); «Игілік абырой даңқ» медалі.