СҰЛТАН БЕЙБАРЫС

13.11.2023  | Автор: Шомаева Д.Е.

Өмірбаяны

Екі актілі балет.

Композиторлар - Хамит Шанғалиев, Әлібек Әлпиев. Либретто - Бақыт Қайырбеков. Хореография және қойылымы - Мукарам Авахри. Сценография - Леонид Базин. Костюмдер - Ася Соловьева. Жарық - Арсений Сафиуллин.

Премьерасы 2020 жылдың 1 желтоқсанында өтті. Балет «Астана Балет» театрының труппасына арналған.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Бейбарыс Сұлтан - Қазбек Ахмедьяров; жасөспірім Байбарыс - Бекдәулет Сәрсенхан; Кутуз - Фархад Буриев; Шаджар Ад-Дүр - Айнұр Әбілғазина; Бейбарыстың анасы - Әлия Айтбаева; Дала кұлы - Айнұр Нүспекова; Крестілер көсемі - Дэвид Джонатан; Моңғолдардың көсемі - Эльдар Сәрсембаев.

ХІІІ ғасырда мамлюк - жауынгер-құлдан Таяу Шығыстағы ең қуатты мемлекеттің құдіретті билеушісі дәрежесіне жеткен адамның тағдыры таңғаларлық әрі қайшылыққа толы. Сұлтан Бейбарыс «Абул-Футух» («Жеңістердің атасы») және «Рукн-ад-дин» («Сенім тірегі») есімдеріне лайық болды. Дешті Қыпшақ даласында дүниеге келген I Бейбарыс Моңғол Ордасының жеңілмейтіндігі туралы мифті сейілткен ұлы қолбасшы ретінде дүниежүзілік тарихқа мәңгілікке енді. Бейбарыс туралы көптеген аңыздар сақталған, сұлтанның бас айналдыратын өмірі туралы хикаяның көптеген нұсқалары бар.Бірақ олардың бәрі бір арнаға тоғысады: ол өмір бойы өзінің жан дүниесінде тарихи Отаны - Қыпшақ даласына деген сағыныш махаббатын сақтады.

Медиа галерея

СҰЛТАН БЕЙБАРЫС

СҰЛТАН БЕЙБАРЫС

СҰЛТАН БЕЙБАРЫС

СҰЛТАН БЕЙБАРЫС

СҰЛТАН БЕЙБАРЫС

СҰЛТАН БЕЙБАРЫС