ЧЕКРЫГИН Александр Иванович
Өмірбаяны
(07.08.1884, Санкт-Петербург қ. - 17.05.1942, Ташкент қ.) - балетмейстер. РСФСР еңбек сіңірген әртісі (1922), РСФСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1936).
1902 - Санкт-Петербург театр училищесін бітірді. 1903 жылдан - Мариин театрының балет әртісі, М. Фокиннің серігі.
1919 жылдан-балетмейстер. Қойылымдардың ішінде «Шубертиана» балеті (1922) ең жақсы деп саналады. В. Степановтың жүйесі бойынша М. Петипа, Л. Иванов, Ж. Перро және т. б. балетмейстерлердің спектакльдерін жазуды жүзеге асырды.
Опералар мен оперетталарда би қойылымдарын жүзеге асырды: «Сары жемпір» («Желтая кофта» муз. Ф. Легар), «Қара Тұмар» («Черный амулет» муз. Н. Стрельников), «Клоун» (муз. М. Краус), «Ақшақар» («Снегурочка» муз. Н. Римский-Корсаков), «Көлеңкеден секіру» («Прыжок через тень» муз. Э. Кшенек).
1920 жылдан бастап А.И. Чекрыгин - Петроград опера және балет театрында революцияға дейінгі балеттердің репетиторы және қалпына келтірушісі. С. Киров атындағы Ленинградтың кіші Опера театрында хореографиялық бөлімнің меңгерушісі, 1930 жылдан - КСРО Үлкен театрының балетмейстері, балет әртісі және классикалық би педагогы.
1928-1930 - Харьков оперетта театрының балетмейстері.
1930 жылдары А. И. Чекрыгин МХУ-нің тәжірибелі педагогы ретінде Мәскеуде оқитын қазақтар тобын бітіруге дайындады, олардың арасында қазақстандық балеттің болашақ солистері М.Ахмедиева, К. Айдарова бар. 1939-1940 театр маусымында Қазақ опера және балет театрында жұмыс істеді, онда И. Надировтың (1940) музыкасына «Көктем» балетін қойды.
1941-1942 - Ташкентке эвакуациялануына байланысты, Ташкент хореографиялық училищесінде оқытушы қызметін атқарды.