ДӘРІГЕР АЙБОЛИТ
Өмірбаяны
3 актілі, 9 көріністі балет.
Композитор - Игорь Морозов. Либретто - Петр Аболимов, Корней Чуковскийдің «Айболит» және «Бармалей» ертегілеріне негізделген. Хореография және қоюшы – Михаил Моисеев. Қоюшы-суретші - Анатолий Ненашев. Дирижер – Евгений Манаев.
Премьера 1950 жылы 14 қаңтарда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Доктор Айболит - Михаил Моисеев; Танечка - Наталья Краснова; Ванечка – Мақсұт Ақжанов; Бармалей - Алмас Бекбосынов; Капитони - Александр Селезнев; Варвара - Маргарита Головнина; Капитан - Елисей Тен; Қарақшылар – Герман Тростянко, Сергей Ильницкий, Елисей Тен; Ұштаушы – С.Черницкий; Қарлығаштар – Лидия Симагина, В.Хен, Н.Ковалева; Түлкі - Инесса Манская, Галина Горская.
Атақты мейірімді дәрігер Айболит барлық жануарлардың досы. Танечка мен Ванечка оған жануарларды емдеуге көмектеседі. Айболиттің зұлым әпкесі Варвара мен қатыгез жануарларды жаттықтырушы Капитони жануарларды Айболитке жібермеу үшін бәрін жасайды, бірақ дәрігер науқастарға көмекке келеді. Тіпті қарақшы Бармалей мен оның бандысының тұтқынына түсуден Айболит қорықпайды.
Балеттің жаңа қойылымы. 2 актілі, 4 көріністі балет.
Композитор - Игорь Морозов. Либретто, хореография және қоюшы – Минтай Тлеубаев. Қоюшы-суретші - Людмила Кужель. Қоюшы-дирижер – Валерий Руттер.
Премьерасы 1987 жылы 4 қазанда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өтті.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Айболит - Руслан Феоктистов; Ванечка - Бақытжан Смағұлов; Танечка – Айгүл Жұмағалиева; Варвара – Әсел Мусинова, Лейла Ақылбекова; Капитони - Тұрсынбек Нұрқалиев; Капитан – Ұлан Мирсейідов, Ахмедғали Бүркітбаев; Бармалей – Мұрат Адырхаев; Жұмақ құстары – Шолпан Мұсаханов, Дмитрий Тубольцев, Сәуле Әшімова, Жанат Қартамысов; Түлкі - Лейла Ақылбекова, Әсел Мусинова; Қарлығаш - Алма Асқарбекова, Наталья Ликучёва; Африкалық әйелдер – Абдуллина Назира, Есенбулатова Гүлмира, Зайнуллина Дамира; Аю – Хасан Баймұханов; Барбос - Вячеслав Гончаров; Әтештер – Жанат Қартамысов, Әміржан Шаханов; Үкі - Роза Ұлтанбаева; Есек – Асан Бейсембинов; Ешкі - Любовь Макарцева; Болонка - Ирина Минеева; Жираф - Зәуре Үмбетқұлова, Ардақ Камалиева; Пілдің баласы - Укен Челекбаев; Үлкен горилла - Олег Трушников; Маймылдар - Айнагүл Отарова, Қаламқас Жұмағалиева, Ләззат Сатыбалдина; Ұштаушы – Ахмедғали Бүркітбаев, Ұлан Мирсеидов.
Жаңа пьесадағы басты кейіпкерлер мен негізгі оқиға желісі сақталды. Өзгерістер басқа кейіпкерлерге қатысты болды. М.Тлеубаевтың қойылымында Әже, Ата, Мысық, Ләйлек, Қояндар және басқа да кейіпкерлер жоқ. Бармалей тірі қалып, Айболитпен, Ванечкамен, Танечкамен және жануарлармен дос болды.
Библиография
- Жумасеитова Г.Т. Страницы казахского балета. – Астана: Елорда, 2001. – 144 с – С.43-44.
- Уразымбетов Д.Д. Балетные спектакли Минтая Тлеубаева в контексте хореографического искусства Казахстана – Диссертация на соискание ученой степени кандидата искусствоведения – Санкт-Петербург – 2018 – 186 с. – с.137-138
- Аболимов П. Доктор Айболит. – 100 балетных либретто – Составитель Л.А.Энтелис – Москва: «Музыка» - 1966- 338 с – С. 153-156.
- Программка к спектаклю «Доктор Айболит» в ГАТОБ имени Абая. – 1987 год.