ДАЛА ҮНІ

25.10.2023  | Автор: Джумасеитова Г.Т.

Өмірбаяны

2 актілі балет.

Композиторлар - Қуат Шілдебаев, Ринат Гайсин, Төлеген Момбеков, Карлос Пино-Кинтана. «Тұран», «Хассақ», ««Steppe Sons»» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдерінің музыкалық шығармалары. Аранжировкасы - Карлос Пино-Кинтана. Әдеби-көркем либреттоның авторы - Бақыт Қайырбеков. Либреттоның хореографиялық бейімделуінің авторы - Жан-Франсуа Вазель. Хореография және қойылымы - Патрик де Бана. Сценография - Рикардо Санчес Куэрда. Костюм суретшісі - Стефани Бауэрле. Жарық суретшісі - Джеймс Анго.

Премьерасы 2020 жылдың 15 және 16 желтоқсанында өтті. Қойылым «Астана Опера» театрына арналды.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Әкесі - Жәнібек Ахмедиев, Олжас Тарланов; Анасы - Аделина Тулепова, Әсел Кенжебекова; Бозбала / Ұлы / Шебер - Ғалымжан Нұрмұхамет, Далер Запаров; Муза - Әйгерім Бекетаева, Анастасия Заклинская; Бақсы - Сұлтанбек Ғұмар, Серік Нақысбеков; Қара киімді адам - Бекзат Орынбаев; Жылқы - Жақсылық Сауқымбеков, Данияр Жұматаев; Қасқыр - Бейбарыс Ақарыс, Руслан Қанағат; Бүркіт - Жансерік Ахметов, Тұрлыхан Тойған.

Балет бала туралы армандайтын, жаратқаннан көмек сұрайтын отбасының оқиғасына негізделген. Бұл дүниеге келген ол — сәулетші болады. Сахнадағы әрекет оның қалыптасуы мен дамуына негізделген. Ол алдағы өмірінде қызғанышпен күресіп, сүйіктісімен кездеседі және қала салады. Осы әңгіменің негізгі идеясы - өз тамырын білмей, өткенге, ата-бабаға құрметсіз алға жылжу мүмкін емес дегенді білдіреді.