КАМЕЛИЯЛАРМЕН ХАНЫМ

25.10.2023  | Автор: Мусинова А.А.

Өмірбаяны

Хореографиялық композиция.

Композитор - Джузеппе Верди, Либретто - кіші Александра Дюманың әйгілі «Камелия ұстаған ханым» шығармасы негізінде Болат Аюханов дайындаған. Хореография және қойылымы - Болат Аюханов.

Премьерасы 1986 жылы өтті. Қойылым Болат Аюхановтың басқаруындағы Қазақ КСР Мемлекеттік классикалық би ансамбліне арналған.

Алғашқы орындаушылар: Татьяна Анюшенко, Алексей Семьянов.

Балет қойылымы романныың соңғы көріністеріне негізделген. Маргарита сүйіктісінің құшағында өліп бара жатып, өткен өміріндегі бақытты сәттерді есіне түсіреді.


2 актілі балет.

Композитор - Джузеппе Верди, оркестрлік транскрипциясы Владимир Милов. Либретто - Франческо Мария Пьяве, Александр Дюма-ұлының аттас драмасы бойынша Олег Узаков (Ташкент) өңдеген. Хореография және қойылымы - Минтай Тлеубаев. Қоюшы-суретші - Вячеслав Фесько (Ташкент). Қоюшы-дирижерлер - Ренат Салаватов, Балари Акитаев.

Премьерасы 1989 жылы мамырда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Виолетта - Раушан Байсеитова, Бернара Кариева (Ташкент, Өзбек КСР), Айсұлу Токомбаева (Фрунзе, КССР), Шолпан Мұсаханова; Альфред - Бақытжан Смағұлов, Дмитрий Тубольцев, Мұрат Адырхаев; Жермон, Альфредтің әкесі - Тұрсынбек Нұрқалиев; Барон - Бақыт Әбдірахманов; Сыған биі - Лейла Ақылбекова, Ирина Минеева, Мұрат Тарланов; Испан биі - Людмила Ли, Алма Асқарбекова, Әсел Мусинова, Самат Асқарбеков.

Джузеппе Вердидің атақты «Травиата» операсының балет нұсқасында барлық сюжеттік тоғысулар мен иірімдер толығымен дерлік сақталған. Басты кейіпкер Виолетта - азғыра арбаушы да емес, еркін махаббаттың жрицасы да емес. Керісінше ол трагедиялық кейіпкер, өзінің жақсы көретіндеріне өте күшті және адал жан.

Спектакль - қазақ, өзбек және қырғыз опера театрларының үш балеринасы үшін арнайы жасалған бірегей жоба. Олар негізгі партияны үш кеште кезекпен билеген.

«Камелиялар ұстаған ханым» Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, Ә.Науаи атындағы Өзбек Мемлекеттік академиялық балет театрында (1991), А.Малдыбаев ат.ындағы Ленин ордені Қырғыз Академиялық опера және балет театрында (1991), М.Глинка атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында (Челябинск қ. 1991)» қойылды.

Сілтемелер

  • Жумасеитова Г.Т. Страницы казахского балета. – Астана: Елорда, 2001. – 144 с – С.50-53.
  • Уразымбетов Д.Д. Балетные спектакли Минтая Тлеубаева в контексте хореографического искусства Казахстана – Диссертация на соискание ученой степени кандидата искусствоведения – Санкт-Петербург – 2018 – 186 с. – с.89-90
  • Программка спектакля «Дамас камелиями». Архив.

Медиа галерея

КАМЕЛИЯЛАРМЕН ХАНЫМ

КАМЕЛИЯЛАРМЕН ХАНЫМ

КАМЕЛИЯЛАРМЕН ХАНЫМ

КАМЕЛИЯЛАРМЕН ХАНЫМ