"ТУҒАН ЖЕР" БИ АНСАМБЛІ
Өмірбаяны
Ансамбль 2010 жылдың 10 тамызында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасы «Ақан сері атындағы облыстық филармония» (КМҚК) Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бастамасымен құрылды. Ұжымның бірінші басшысы және негізін қалаушы Михаил Лахтин (2010-2017), 2017 жылдан бастап жетекшісі - М.С.Тонков, балетмейстер С.Е.Жұмажанов.
Ансамбльдің репертуарында З.Райбаевтың «Мереке биі», А.Кульбекованың «Жастар думаны», М.Лахтиннің «Шашу»; М.Тонковтың «Топотуха» және «Хлопуха» орыс билері; М.Тонков пен С.Жұмажановтың «Чонджэ» корей биі және «Нохчи» шешен ерлер биі, Т.Салиеваның «Киш-миш» және «Андижанча» өзбек биі. 2023 жылдың қаңтарында филармония вокалистерімен бірлесіп Астана сахнасында «Бремен музыканттары» мюзиклін ұсынды.
Ұжым қалалық және облыстық ауқымдағы түрлі мәдени іс-шаралардың, мерекелік концерттердің белсенді қатысушысы болып табылады: Түркиядағы XVIII- Халықаралық мәдениет және өнер фестивалі (Адала, Салихли, 2011); «YURTKUR 50th YEAR» халықаралық халық би фестивалі (Анталия, 2011 жылғы шілде), Тюмень облысы қазақтарының автономиясының 5 жылдығы (Тюмень, Ресей, 2012). Республикалық ауқымдағы мәдени іс-шараларға қатысады: «Менің Қазақстаным» Қазақстан патриоттарының V Жалпыұлттық форумы (Астана, желтоқсан 2012); Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы (Астана, Сәуір 2013); ҚР Тәуелсіздік күні (Астана, 2013 жылғы желтоқсан); Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының салтанатты ашылуы (Астана, 2015 жылғы наурыз); Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік театрландырылған қойылым (Астана, 2015 жылғы қыркүйек); ҚР мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумы (Астана, 2018 жылғы қараша); Өзбекстанда ҚР Мәдениет жылының ашылуы (Ташкент, сәуір 2019); ҚР мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы (Омбы қ., қараша 2019).
Шара Жиенқұлова атындағы ІV- Республикалық қазақ би байқауының II (Астана, 2012) және VІ-байқаудың І сыйлығының лауреаты (Астана, 2023); «Ансамбль» номинациясы бойынша халықаралық халық би байқауының арнайы жүлдесінің иегері (Чхонане қ., Оңтүстік Корея, 2014); Fiestalonia International компаниясының «World ART Dance» онлайн-фестиваль-байқауының I сыйлығының лауреаты (Испания, 2020).