ЕЛЬЧИБАЕВА Малика Асқарқызы
Өмірбаяны
05.01.1999 ж., Алматы облысы, Қарасай ауданы, Мерей ауылы.
Балет әртісі. Халықаралық байқаулардың лареаты.
2009 - 2017 - А.В.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесін үздік дипломмен бітірді. Педагогтары: Медеубаева С.М., Ли Л.М.
2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші солисті.
2017 жылы «Бақшасарай бұрқағы» балетінде Зарема партиясында дебюті өтті. Репертуары: Одетта-Одилия, үлкен Аққулар, орыс қалыңдығы («Аққу көлі»), Аврора, сирень перісі («Ұйқыдағы ару»), Клара, Шығыс биі («Щелкунчик»), Мехмене Бану («Махаббат туралы аңыз»), Кармен («Кармен-сюита», Ж.Бизе), Мирта («Жизель»), Зарема («Бақшасарай бұрқағы»), дриадалардың иесі (2022 жылғы жаңартылған спектакльдегі алғашқы орындалуы, «Дон-Кихот»), Зобейда («Шехерезада»), Медора («Корсар»), Эгина (2021 жылы қалпына келтірілген спектакльдегі алғашқы орындалуы, «Спартак»), Кончитта («Юнона» және «Авось»), Шамхат (2022 ж. қалпына келтірілген спектакльдегі алғашқы орындалуы, «Фрескалар»), Мазурка, 11-ші вальс (2022 ж. жаңаруындағы алғашқы қойылым, «Шопениана»), солистердің құрамында (алғашқы орындау «Бахты тану»), солистердің құрамына (бірінші орындау «Болеро»).
Марапаттары: «Өрлеу» хореографиялық оқу орындарының III Халықаралық конкурсының лауреаты (2-ші сыйлық, 2012 ж., Алматы), «Аққу -2012» хореографиялық оқу орындарының I Халықаралық конкурсының лауреаты (2-ші сыйлық, 2012 ж., Бішкек, Қырғызстан), «Өрлеу» хореографиялық оқу орындарының IV Халықаралық конкурсының лауреаты (1-ші сыйлық, 2014 ж., Алматы), Мәскеудегі XIV Халықаралық балет әртістері байқауының лауреаты (2-ші сыйлық, күміс медаль, 2022 ж., Ресей).
Библиография
- Мусинова А.А. Елчибаева Малика Асқарқызымен 13-16 ақпан 2023 ж. хат алмасу.
- Роман Притуладың, Николай Постниковтың суреттерін жариялауға Ельчибаева Малика Асқарқызы ұсынды.