ЕШМҰХАМБЕТОВ Бауыржан

14.11.2023  | Автор: Мусинова Ә.А.

Өмірбаяны

9 мамыр 1948 ж. - 30.11.1998 ж., Алматы қ.

Балет әртісі, педагог-репетитор, ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1973 ж.).

1959-1967 - Алматы хореографиялық училищесінде білім алды, педагогтары: А.В.Селезнев, Б.Г. Аюханов (курсты бітіретін жылы).

1967-1977 - «Алматының жас балеті» ансамблінің жетекші солисі.

Репертуары: күйеу жігіт («Қазақ кәдесыйлары»), Хозе («Кармен-Сюита»), Гамлет, Клавдий, Лаэрт («Гамлет»), Бозбала («Болеро»), соло («Блюз стиліндегі Рапсодия»), А.Исакова «Жарыс». Классикалық «Дон Кихот», «Корсар», «Диана және Актеон» балеттерінен pas-de-deux. Классикалық хореографияның концерттік нөмірлері: Я.Сибелиус «Көңілсіз вальс», И. Бах - Ш.Гуно «Аве Мария», С.Скрябин «Үш көңіл күй», Ф.Лист «Махаббат армандары», Н.Паганини «Мәңгілік қозғалыс». Ұлттық хореографияның концерттік нөмірлері: Н.Тілендиевтің музыкасына қойылған «Табыншылар биі» (орындаушылар Б.Ешмұхамбетов, А.Семьянов, В.Усманов, М.Тілеубаев, (Б.Аюхановтың хореографиясы), Құрманғазы музыкасына қойылған «Балбырауын» жігіттер биі (орындаушылар Б.Ешмұхамбетов, В.Усманов, А.Тягунов, А.Семьянов, Б.Аюханов, М.Тілеубаев). «Алматының жас балеті» ансамблінің алғашқы әртістері мен негізін қалаушылардың бірі, орындаушылық техникасы жоғары, тамаша биші.

1977-1984 - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жетекші солисі.

Репертуары: Красс («Спартак»), Базиль («Дон-Кихот»), Бозбала (бірінші орындаушы, «Әлия»), басты ерлер партиясы («Айдаһар жалыны»), Бұзақы («Бойжеткен және бұзақы»), Кербұға («Ақсақ-құлан»), Шерхан (бірінші орындаушы «Бауырым, Маугли»), Тарталья («Пульчинелла»), Король Пик («Карта ойыны»).

1984-1987- Қазақконцерт солисі;

1987-1994 - «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің педагог-репетиторы;

1994-1998 - Б.Ғ. Аюхановтың жетекшілігіндегі Мемлекеттік классикалық би ансамблінің педагог-репетиторы.

Библиография

Абай атындағы ҚазҰТОБ мұрағатынан Бауыржан Ешмұхамбетовтың жеке ісі.

Медиа галерея

ЕШМҰХАМБЕТОВ Бауыржан

ЕШМҰХАМБЕТОВ Бауыржан

ЕШМҰХАМБЕТОВ Бауыржан

ЕШМҰХАМБЕТОВ Бауыржан

ЕШМҰХАМБЕТОВ Бауыржан

ЕШМҰХАМБЕТОВ Бауыржан