ЕСЛАМҒАЛИЕВА Рауза

28.10.2023  | Автор: Ізім Т.О

Өмірбаяны

(27.04.1938 ж., «Коммунизм» колхозы, Чапаев ауданы, Орал облысы) - биші. ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1973ж.).

1958ж. - Қазақ мемлекеттік хореографиялық училищесін бітірген, педагогтары: И.К.Олзоева, М.З.Ахмедиева, А.Г.Ғабитова, Ж.Т.Тастанова.

1957 жылы ҚазКСР еңбек сіңірген ән-би ансамблінің құрамында Мәскеу қаласында өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестиваліне қатысты.

1958-1978ж. - ҚазКСР-нің мемлекеттік еңбек сіңірген ән-би ансамблінің солисі. Ансамбль құрамында халықаралық деңгейдегі түрлі іс-шараларға қатысты: Мәскеудегі Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі, түрлі елдердің халықаралық фестивальдері; әлемнің көптеген елдерінде «Айжанқыз», «Кесте», «Бұхар биі», «Жас шабан», және т.б. билермен гастрольдік сапармен болды. Орындаушылық шеберлігімен барлық сұлулықты, ұлттық би пластикасы мен қазақ қызына тән нәзіктікті жеткізді. Бишінің сахналық сүйкімділігі, табиғи сұлулығы, мәнерлі орындауы шығармашылығына негізі болды. Ол көрермендер көзайымына айналып, үлкен жетістіктерге жеткен биші.

Марапаттары: «Еңбектегі жетістігі үшін» медалі (1959 ж.); В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай «Ерен еңбегі үшін» медалі (1970 ж.); Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы (1980 ж.); «Еңбек ардагері» медалі (1984 ж.).

Медиа галерея

ЕСЛАМҒАЛИЕВА Рауза

ЕСЛАМҒАЛИЕВА Рауза

ЕСЛАМҒАЛИЕВА Рауза

ЕСЛАМҒАЛИЕВА Рауза

ЕСЛАМҒАЛИЕВА Рауза

ЕСЛАМҒАЛИЕВА Рауза

ЕСЛАМҒАЛИЕВА Рауза

ЕСЛАМҒАЛИЕВА Рауза

ЕСЛАМҒАЛИЕВА Рауза

ЕСЛАМҒАЛИЕВА Рауза

ЕСЛАМҒАЛИЕВА Рауза

ЕСЛАМҒАЛИЕВА Рауза