МӘҢГІЛІК ОТ

25.10.2023  | Автор: Мусинова А.А.

Өмірбаяны

Пролог пен эпилогты 2 актілі балет.

Композитор - Серік Еркімбеков. Либретто - Дүйсенбек Накипов. Хореография және қойылымы - Минтай Тлеубаев. Қоюшы-суретші - Нұрлан Рымжанов. Қоюшы-дирижер - Балари Акитаев.

Премьерасы 1985 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 40 жылдығына орай Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Белгісіз сарбаз - Ербол Асылғазинов; Анасы - Раушан Байсеитова; Сүйіктісі - Майра Қадырова; Құрдастары - Бақыт Әбдірахманов, Самат Асқарбеков, Вадим Богомолов, Ахмедғали Бүркітбаев, Вячеслав Гончаров, Ұлан Мирсеидов, Асқар Нүсіпов, Қайрат Чужетов, Ренатас Шидловскас, Әміржан Шаханов; Құрдастары - Лейла Ақылбекова, Гүлнар Әлиева, Алла Бураканова, Мансия Қарақұлова, Людмила Макарцева, Равия Махмутова, Сәуле Мирзабекова, Майра Мұхаметқалиева, Алма Темешпаева, Марина Цымбал; қайғы, жеңіл мұң, Отан қорғаушылар, қанатты жастар - балет әртістері.

Балеттің эпикалық бағыты қайғы мен жеңіл мұң бейнелерін енгізуге түрткі болды. «Ерлік тақырыбы адам болмысының мәні ретінде спектакльде нанымды сипатталады. Біртіндеп оны ерлікке жетелейтін, ақыл-ойының күш-қуаты, батыр болып қалыптасуы жалғасады. Кейіпкер әртүрлі бейнеде көрсетіледі - баласы, сүйікті және жай ғана сарбаз ретінде ...» (Гүлнар Жұмасейітова)

ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ. К.БАЙСЕЙІТОВА АТЫНДАҒЫ Ұлттық опера және балет театры

Балет-оратория.

Композитор - Серік Еркімбеков. Либретто - Дюсенбек Накипов. Қоюшы-балетмейстер - Вячеслав Гончаров. Қоюшы-суретші - Вячеслав Окунев. Бейне өнерінің маманы - Виктория Злотникова. Дирижер - Айдар Абжаханов. Хормейстер - Ержан Дәуітов.

Премьерасы 2010 жылы 4 мамырда К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры сахнасында өтті.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Ана - Гүлфайрус Құрманғожаева, Айжан Мұқатова; Жер жауынгерінің ұлы - Эльдар Сәрсембаев, Олжас Маханбеталиев; Көксеген үміт - Татьяна Тен, Мадина Унербаева.

Балеттің жаңа нұсқасы Минтай Тлеубаев қойған спектакльден түбегейлі ерекшеленеді. Балетте оқиғалардың дамуы өзара қабыспайтын естеліктерге, қараңғы күштердің Адал жауынгерлікпен және жаңа ұрпақпен қақтығысына құрылған. Поэтикалық көзқарас пен пластикалық шешім арқылы өткен ұрпақтың соғыста жеңіске жетуге және қаза тапқан батырларды есте сақтауға деген ұмтылысы жеткізіледі.

Уақыт тоқтаусыз ,

Бірақ тағы бір өзгермейтін заң бар,

Ол соғыс жалынынан күшті -

Бұл мәңгілік есімізде қалатын

Батырлар рухына жағылған мәңгілік алау.

Библиография

  • Жумасеитова Г.Т. Страницы казахского балета. – Астана: Елорда, 2001. – 144 с – С.23-26.
  • Программка спектакля «Вечный огонь». Архив.

Медиа галерея

МӘҢГІЛІК ОТ

МӘҢГІЛІК ОТ

МӘҢГІЛІК ОТ

МӘҢГІЛІК ОТ