ФАДЕЕВА Дина Дүйсенбекқызы

28.12.2023  | Автор: Мусинова Ә.А.

Өмірбаяны

17.06.1967 ж., Алматы қ.

Балет әртісі, педагог-хореограф, балетмейстер.

1977-1985 – Алматы хореография училищесінде оқып, үздік бітірген, («Балет әртісі» біліктілігі), педагогтары: Л.И. Рафаилова, А. Г. Ғабитова, Ф. А. Қойгелдинова, Г. Б. Горская (үздік диплом).

1989-1994 – А. Луначарский атындағы мемлекеттік театр өнері институтын (Мәскеу) М.Т. Семенова курсында «Классикалық мұра бойынша педагог-хореограф» мамандығынан үздік бітірген.

1985-1989 – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет әртісі. Кордебалет әртісі ретінде балет және опера репертуарларында белсенді болды, шағын жеке партияларды орындады.

1991-1993 – А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесіның классикалық, халықтық-сахналық, тарихи-тұрмыстық билерінің педагог-хореографы.

Оқушылар арасында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші солисі Д. Есентаева.

1993-1996 – Мәскеу заманауи өнер институтының оқытушысы, осы жылдары Мәскеу балет компанияларында шақырылған артист ретінде жұмыс істеді.

1996-2005 – А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесіның оқытушысы.

1996-1999 – классикалық би мұғалімі И. Гуляева курсында сахна практикасының мұғалімі.

Оқушылар арасында: Венгрия мемлекеттік опера театрының прима-балеринасы А. Танықпаева; Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші балериналары Д.Есентаева, А. Егізбаева; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрының солисі А. Үсембаева; Ресей театр өнері институтын түлектері, қазіргі педагог Л. Пак (Ұлыбритания), қазіргі Қазақ ұлттық хореография академиясының мектеп-колледжінің педагогы, ҚР Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы стипендиясының иегері Э. Жұмадияровалар бар.

1997-2005 – «Escuela de Flamenco» фламенко студиясының орындаушысы және тең ұйымдастырушысы, педагог-хореограф және бишілер триосы (Д.Фадеева, Г. Капанова, Г. Тілесбаева) құрамында «Дәстүрлер сыйлығы» халықаралық фестивалінде (Алматы, 2001 ж.) Фламенко байқауының жеңімпазы.

1998-2005 – Қазақстан ұлттық синхронды жүзу құрамасының хореографы. Оның қойылымындағы бағдарламалар әлем чемпионаттарында (Германия, Испания, Италия), Пуссандағы Азия ойындарында (Оңтүстік Корея, 2002), Олимпиада ойындарында (Афина, 2004) орындалды.

2004 ж. – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Г. Малердің «Афина триумфы» музыкасына бір актілі балет қойды.

Сол жылы ол Maryland Ballet Royale институтында (АҚШ) оқытушылық қызметке шақыруды қабылдады.

2005 жылдан бастап АҚШ-та тұрады және жұмыс істейді.

2006-2009 – «Манассас» балет театрының (Манассас, Вирджиния) Manassas Ballet Theatre труппасына қосылды, онда оркестрімен фортепианоға арналған ля минор концерттік музыкасына «Impression» дивертиментін, «А spring Gala» концертіне арнайы Э. Григтің 16-шы опусына және Ф. Шопеннің музыкасына «Көбелек» хореографиялық миниатюрасын қойды (2007). Ф. Мендельсонның «Жазғы түндегі түс» (2007), К. Хайттың «Ұйқыдағы жыра туралы аңыз» («Легенда о сонной лощине», 2007), К. Хайттың «Жұлдыздар мен жолақтар мәңгілікке» («Звёзды и полосы навсегда», 2008), Ж. Бизенің «Кармен» (2008), К. Рейнольдстың музыкасына «Франкенштейн» балеттерінің қойылымдары жүзеге асырылды (2008).

2009 жылдан – Virginia Ballet Company and School қоюшы-балетмейстері. Ол классикалық мұра балеттері: «Аққу көлі», «Ұйқыдағы ару», «Сильфида», «Шопениана», «Дон Кихот», «Жизель» балеттерін, «Князь Игорь» операсынан «Қыпшақ билері» хореографиялық сюитасын көшіріп қойды.

Библиография

  • Ә.А. Мусинованың Дина Фадеевамен 2023 жылы жеке хат алмасуы.
  • Абай атындағы ҚазҰОБТ мұрағатынан Фадеева Дина Дүйсенбекқызының жеке ісі.
  • Справочник хореографов Казахстана. – Д.Т. Нақыповтың бас редакторлығымен Алматы: SK-Print – 2012 – 206 б. – 21.
  • Дина Фадееваның жеке мұрағатынан алынған фотосуреттер.

Сілтемелер

Медиа галерея

ФАДЕЕВА Дина Дүйсенбекқызы

ФАДЕЕВА Дина Дүйсенбекқызы

ФАДЕЕВА Дина Дүйсенбекқызы

ФАДЕЕВА Дина Дүйсенбекқызы

ФАДЕЕВА Дина Дүйсенбекқызы

ФАДЕЕВА Дина Дүйсенбекқызы

ФАДЕЕВА Дина Дүйсенбекқызы

ФАДЕЕВА Дина Дүйсенбекқызы

ФАДЕЕВА Дина Дүйсенбекқызы

ФАДЕЕВА Дина Дүйсенбекқызы

ФАДЕЕВА Дина Дүйсенбекқызы

ФАДЕЕВА Дина Дүйсенбекқызы

ФАДЕЕВА Дина Дүйсенбекқызы

ФАДЕЕВА Дина Дүйсенбекқызы

ФАДЕЕВА Дина Дүйсенбекқызы

ФАДЕЕВА Дина Дүйсенбекқызы