"ГАККУ" ХАЛЫҚ БИ АНСАМБЛІ
Өмірбаяны
«Гакку» би ансамблі 2007 жылы Ақмола облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы» КМҚК-да құрылды. Ансамбльдің жетекшісі - ҚР Мәдениет үздігі Гүлмира Ордабаева.
Ансамбль репертуарында 50-ден астам би бар, олардың арасында қазақ халық билері мен әлем халықтарының билері бар. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Зәуре Әжібекова ансамбль репертуарының дамуына үлкен үлесқосты. Оның билері: «Сый», «Аққу», «Бақташылар», «Шаттық», «Түрікмен биі», «Қонақжай құрбылар», «Мереке биі» көрермендер арасында үлкен жетістікке жетуде. Репертуарды жаңартуға хореографтар: А.Садықова («Тума»), А. Шамшиев («Көкше сұлулары»), Г. Бахарова («Долан би») қатысты.
Ұжым халықаралық фестивальдердің қатысушысы болып табылады: Түркия (Амася, 2012; Кемер, 2019), Үндістан (Нью-Дели, 2014), БАӘ (Эль-Фуджайра, 2018; Шарджа, 2019), Солтүстік Кипр (Кирения, 2018), Қытай (Үрімші, 2018), Тәжікстан (Душанбе, 2022).
Ансамбль ҚР-дағы ірі мәдениіс-шаралардың қатысушысы болып табылады: «Аймақтар аламаны» тележобасы (Астана, 2013); Қазақ хандығының 550 жылдығы (Астана, 2015); Ақмола облысының ЭКСПО-дағы мәдениет күндері (Астана, 2017); Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумы (Петропавл, 2018); II Халықаралық Jezkik этникалық музыка фестивалі, Ұлытау (2019), I Республикалық «Сәлем Елорда» өнер фестивалі (Нұр-Сұлтан, 2020); Республикалық «Сәлем Елорда» өнер фестивалі (Көкшетау, 2021).
Ансамбль Шара Жиенқұлова атындағы IV Республикалық қазақ би байқауында ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсаходжаеваның «Үміт» арнайы жүлдесінің иегері болып табылады. (Астана, 2012); «Шабыт» Х- Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің лауреаты (Астана, 2013); II Халықаралық «Қазақстан раушандары» хореографиялық өнер фестиваль-конкурсының І- сыйлықтың лауреаты және «Жоғары кәсіби ұжым» арнайы жүлдесінің иегері (Нұр-Сұлтан, 2016, Қазан, Татарстан Республикасы, 2021); Шара Жиенқұлова атындағы V Республикалық қазақ би байқауының II сыйлығының иегері. (Нұр-Сұлтан, 2019); «Summer music and dance fest» хореографиялық байқауының I дәрежелі лауреаты (Нұр-сұлтан, 2020), Р. В. Захаров ат. XII Халықаралық «Мария» жас хореографтар байқауының режиссурасы мен ансамбльдік хореографиясын құрғаны үшін диплом иегері. (Мәскеу, Ресей, 2020); «Карелия ертегілері» байқауының Гран-При иегері (онлайн байқау. Карелия, 2021); «Би» халықаралық хореографиялық өнер байқауының «Халықтық стилизация» номинациясы бойынша I сыйлықтың лауреаты (Астана, 2022).
Библиография
- Таева А. Победили с народным танцем. Газета Акмолинская правда. 26 ноября 2016 г.
- Канат А. Профессионалы хореографии. Газета Степной маяк. № 13 (14660) 4 апреля 2019 г.
- Ерболат Баят. Үйлесім мен ырғақ. Республикалық мәдениет және өнер газеті. Үш қоңыр. №30 (497) 24 шілде 2020 ж.
- Яковлева Н. К вершинам грации. Газета «Степной маяк» №46 (14796), 18 ноября 2021 г.