"ШАЛҚЫМА" ХАЛЫҚ БИ АНСАМБЛІ
Өмірбаяны
«Шалқыма» халық би ансамблі 2007 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев ат. мемлекеттік академиялық филармония» (МКҚК) Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында құрылды. Ансамбльді құрушы және көркемдік жетекшісі - «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері Әбдірақұл Есекеев. Ансамбль құрамында А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі, Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі, Қазақ ұлттық хореография академиясы және басқа да өнер оқу орындарының түлектері еңбек етеді. «Шалқыма» ансамблінің тұсаукесері 2009 жылы 5 маусымда Президенттік мәдениет орталығының сахнасында өтті.
Ансамбльдің репертуарында қазақ халық биілері мен қатар «Алтын қорға» енген би мұрасы бар (Ш.Жиенқұлованың «Айжан қыз», «Қазақ вальсі»; Д.Әбіровтің «Қоштасу», З.Райбаевтың «Али толғау», «Шолпы», М.Тілеубаевтың «Ыңғайтөк» және т. б.) және Қазақстан мен ТМД елдерінің жетекші хореографтарының қойылымында әлем халықтарының билері (орыс, татар, башқұрт, корей, қытай, тәжік, якут, парсы, испан, армян, түрік, ұйғыр, шығыс, қырғыз, украин және беларусь билері) бар. Ұжым Қазақстанның дәстүрлі би мәдениетін насихаттайды, концерттік бағдарламалар «Сары-Арқа» халық аспаптар ансамблі мен «Қорқыт» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен өтеді. Ансамбль репертуарында 70-тен астам халық биі бар.
«Шалқыма» Қазақстанның бүкіл аймақтарында, жақын және алыс шет елдерде: Ресей (Мәскеу, Санкт-Петербург), Башқұртстан (Нефтекамск, Уфа), Ауғанстан (Кабул, Кандагар), Оңтүстік Корея (Пусан және Сеул), Германия (Мюнхен, Битбург, Франкфурт, Берлин), Қытай (Шанхай, Пекин), Түркия (Анкара, Стамбул, Измир, Адана), Франция (Париж). 2019 жылы ансамбль Омандағы (Маскат) халықаралық фестивальде өнер көрсетті.
Ұжым «Шабыт» Халықаралық шығармашылық жастар фестиваль-байқауының Шара Жиенқұлова атындағы арнайы дипломмен марапатталды. (2007); «Берзамлек-Достастық» халықаралық байқауының Гран-При (Уфа, Башқұртстан, 2009); «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестиваль-байқауының Гран-при (Астана, 2010); ансамбль дуэті (Сандуғаш Есекешова мен Әсемгүл Нұрғалиева) Шара Жиенқұлова атындағы IV- Республикалық қазақ биі байқауының II- сыйлық лауреаттары (Астана, 2012); ансамбль әртісі Айсұлу Мұратқалиева «Шабыт» ХХІ халықаралық фестиваль-конкурсының I дәрежелі лауреаты атағына ие болды (Астана, 2018).