ФРЕСКАЛАР
Өмірбаяны
2 актілі балет.
Композиторы - Тимур Мыңбаев. Либретто - Зауырбек Райбаев, Олжас Сүлейменовтің «Қыш кітап» («Глиняная книга») поэмасының желісі бойынша. Хореография және қойылымы - Заурбек Райбаев. Қоюшы-суретші - Евгений Сидоркин. Қоюшы-дирижер - Валерий Руттер.
Премьерасы 1981 жылы 9 шілдеде Ленинград мемлекеттік академиялық В.И. Ленин ордені Опера және балет кіші театрында (қазіргі Михайлов театры) сахнасында өтті. Балет Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына арналған.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Шамхат, Ишторе храмының дін қызметшісі - Майра Қадырова; Ишпака, жетекші - Рамазан Бапов; Косог - Дүйсенбек Накипов; Атаусыз - Қайрат Мәжікеев; Хорахте, ақсақал - Эдуард Мальбеков; Сары Кене - Тұрсынбек Нұрқалиев; Косогтың қалыңдығы - Людмила Ли; Кентавр - Александр Медведев; Ат - Любовь Макарцева.
ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ. Премьерасы 1988 жылы 17 қаңтарда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында өтті.
Хореография және қойылымы - Заурбек Райбаев. Қоюшы-суретші - Евгений Сидоркин. Қоюшы-дирижер - Валерий Руттер.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Шамхат, Ишторе храмының дін қызметшісі - Майра Қадырова; Ишпака, жетекші - Ербол Асылғазинов; Косог - Ахмедғали Бүркітбаев; Атаусыз - Ұлан Мирсеидов; Хор-Ахте, ақсақал - Игорь Данилин; Сары Кене - Бақыт Әбдірахманов; Косогтың қалыңдығы - Гүлжан Туткибаева; Кентавр - Тұрсынбек Нұрқалиев; Ат - Лейла Ақылбекова.
ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ. Премьерасы 2022 жылдың 25-26 маусымында Абай ат. Қазақ ұлттық опера және балет театры сахнасында өтті. ҚазКСР халық әртісі Зәуірбек Райбаевтың 90 жылдығына арналды.
Спектакльді қалпына келтірудің көркемдік жетекшісі Гүлжан Туткибаева. Спектакльді қалпына келтіру бойынша суретші - Вячеслав Окунев (Санкт-Петербург, Ресей). Хормейстер - Алма Темірбекова. Қоюшы-дирижер - Ерболат Ахмедьяров.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Шамхат, Ишторе храмының дін қызметшісі - Жанель Тукеева, Малика Ельчибаева; Ишпака, жетекші - Архат Әшірбек, Азамат Асқаров; Косог - Рафаэль Уразов, Диас Кубашев; Атаусыз - Арнұр Түсіпбеков; Хор-Ахте, ақсақал - Ұлан Баденов; Сары-Кене - Елдар Абилов, Богдан Вербовой; Косогтың қалыңдығы - Гүлвира Құрбанова, Айман Егісбаева; Кентавр - Әмір Жексенбек, Нұрсұлтан Алпамысұлы; Ат - Наргиз Мирсеидова; Қыр-құз руының қағаны - Нұрлан Байбусинов.
Балет сахнада жан біткен тоғыз фреска-картинадан тұрады: «Балбал тастар», «Иш-құздардың басып кіруі», «Ұлы Жазу», «Жабайы аңшылық», «Ипаканың қылмысы», «Ристалище», «Тризна», «Шамхаттың құрбандығы» және «Жаңа хан сайлауы». Әрқайсысы толық аңыз болып табылатын фрескаларды Иш-құз тайпасының ежелгі Ассирияға басып кіруі, онда тайпаның Иштора құдайының храмына шабуылдап, құдайды құлатуы туралы сюжет біріктірілген.
Шамхат храмы дін қызметшісінің сұлулығы Иш-құз көсемі хан Ишпактың жүрегін жаулап алады. Сүйіспеншілікке толы көшбасшы ата-бабаларының заңдарын бұзады. Ақсақалдар сотының шешімімен, сатқындығы үшін Ишпак Кентаврмен шайқасып өледі. Шамхат қайтыс болған ханмен бірге өлу үшін жерлеу шатырына өз еркімен келеді.