ФУДЗИЯМАДАН ҰШҚАН ТЫРНАЛАР

25.10.2023  | Автор: Саитова Г.Ю.

Өмірбаяны

Бір актілі балет.

Композитор - Ғазиза Жұбанова, хореография және қойылымы - Болат Аюханов.

Премьерасы 1987 жылы өтті. Қойылым Болат Аюхановтың басқаруындағы Мемлекеттік классикалық би ансамбліне (МКБА) арналған.

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Әжесі - Сайрагүл Нұрсұлтанова, Немересі - Ғалия Кокамбаева (Тлесбаева).

Балетте басты рөлді сомдайтын екі кейіпкер: Әже мен Немере. Әже - өткен күннің тұлғасы, Немере - болашақтың тұлғасы. Ал, бүгінгі күн өзінің әлжуаздығымен, тұрақсыздығымен олардың арасындағы көпір іспетті, әженің ақылы мен немеренің жастық шағы тәрізді. Ал, екеуінің ортасында - мәңгілік. Солай болды, солай болады, біреу бұл дүниені тастаса, енді біреу өмір сүре бастайды.