ГАББАСОВА Гүлнара Надымқызы
Өмірбаяны
04.04.1968 ж., Семей қ.
Балет әртісі, актриса, режиссер-хореограф, педагог. «ҚР Мәдениет қайраткері» (2017 ж.), «Мәдениет саласының үздігі» (2019 ж.).
1978-1986 - Алматы хореография училищесінда «Би ансамблінің әртісі» мамандығы бойынша педагог О.Б. Шубладзеден оқыған;
1994-1999 Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Режиссер-хореограф» мамандығы бойынша, Б.Г. Аюхановтың шеберханасында бітірген.
1999-2022 жылдар аралығында әлемнің белгілі хореографтары: Катри Сони (Финляндия), Лоранс Левасюль (Франция), Паскалина Ноэль (Франция), Йозеф Катсурек (Чехия), Ян Пуш (Германия), Михаэль Дикамп (Германия), «Рандом» компаниясы (Ұлыбритания), Саша Гурвичтерден (Ресей) заманауи хореография бойынша тағлымдамадан және шеберлік сыныптардан өтті;
2002-2003- Жак Бурго (Франция), Маркус Цонерлерден (Германия) актерлік шеберлік;
2004 ж. - «Palucca Schule» жоғары хореография мектебінде (Дрезден, Германия), Маркус Цонер (Швейцария) шебер-сыныптарда сабақтар алды;
1986-1988 - «Қазақконцерт» концерттік бірлестігінің балет солисі;
1988-1994 - ҚазКСР мемлекеттік ән-би ансамблінің балет әртісі («Салтанат» МБА);
1994-2007 - Б. Аюхановтың жетекшілігімен ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының балет солисі;
2000-2007 - мемлекеттік академиялық неміс театрының спектакльдеріне драма актрисасы ретінде қатысты;
1999-2006 - ҚР МАБТ-ның режиссер-хореографы. Қойылымдары: «Сезім геометриясы» (1999), «Дежаву» (2000), «Мираколо» (2001), Бір әйелдің тарихы» (2002), «Атаусыз» (2003), «Көршілер» (2003), «Уақыт» (2004), «Әйел иттер» (2004), «Тамыр» (2004), «Еркек иттер» (2005), «Ит өмір» (2006), «С' estmasoeur» (2006).
2007 жылы әпкесі Гүлмира Ғаббасовамен бірге «Gabbasov Sisters Company» би театры ұйымдастырылды, оған апалы-сіңлілі Ғаббасовалар би театры және балалар мен ересектерге арналған хореографиялық студия (2009-2019) кірді. Осы кезеңдегі қойылымдары: «Тазалаушылар» (2007), «Махаббат елесі немесе...» (2008), «Сөзсіз» (2009), «Үш түс» (2010), «Періштелер» (2010), «Бақыт тамшысы» (2010), «Экзикус» («Самұрық» би театры, 2011), «Қараңыз» (2011), «Ешқашан болмаған көлеңке» (2011), «Біздің қаламыздың адамдары» (2011), «Audimachine» (2011), «Кішкентай сиқыршы Ерлік Бақа» (2012), «Нарқыз» (2012 ж.), «Үш түс» (2013 ж., Екінші редакция), «Сезімдер» (2013 ж.), «Подиум» (2014 ж.), «Романстың тууы» (2014 ж.), «Алпамыс-батыр» (2015 ж.).
Халықаралық жобалардағы режиссер-хореограф, драматургиядағы хореографиялық эпизодтардың қоюшысы: «Саломея» (реж. О. Ходжакулиев (Өзбекстан), 2003 ж.); «Құдайдың тәрбиесі» (реж. А. Остер (Германия), 2004); «Макбет» (реж. Джеф Черч (Англия), 2004); «Өткелдердегі әлемдер» (реж. Фетриер (Франция), 2005); «Клоундар» (реж. Фетриер (Франция), Артишок театры, 2006), «Сен менсің» (реж. Андрей Лазарев Германия, 2020).
Әр жылдары ол хореографиялық композициялар, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында концерттік бағдарламалар, А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде, «Гүлдер» мемлекеттік эстрадалық-жастар ансамблі, «Алтын бүбі» би ансамблідерінде хореографиялық композициялар қойды.
Көркем фильмдердегі хореограф: «Қымбатты балаларым» (реж. Ж. Исабаева, 2008 ж.), «Уран тайфуны» (реж. И. Вовнянко, 2010 ж.), «Астана - менің махаббатым» (реж. И. Пискунов, 2011).
1992-2013 - А.В.Селезнев ат. Алматы хореография училищесінің «халық-сахналық би» және «заманауи хореография» пәндерінің оқытушысы.
2000 жылдан бастап Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Хореография» факультетінің «Балетмейстер өнері» кафедрасында сабақ береді.
Библиография
- Қазақстан хореографиясының Алтын Бесігі: Училище тарихы. / Бас редактор Қалиева А.Ж. -Алматы:«Литера», 2016 ж. – 618 б.(қазақша орысша)
- Интервью с Г.Н. Габбасовой 29.09.2021